Previous Page  201 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 201 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

201

жердегілерге мейірім көрсетсеңдер, көктегілер де сен-

дерге мейірімді болады»

279

деп баршаның зәредей жан

қиналысын қаламаған.

79. Пайғамбарымызды (с.а.с.) жақсы көру

әрбір мұсылманның міндеті ме?

Аллаһқа деген махаббаттан кейін хазірет

Пайғамбарымызды (с.а.с.) сүю – парызымыз, өйткені ол

адамзатты күпірліктен қорғаштап, иманның бақыт сыр-

ларын әрбір жүрекке жеткізе білді. Адамзатқа жоғары

ахлақ пен кәміл адамның қасиеттерін сіңірді.

Аллаһ тағала Мұхаммед Мұстафаны (с.а.с.) барлық

нәрседен де артық жақсы көру қажеттігін бұйырып аят-

та былай деген: «Егер әкелерің, балаларың, аға-інілерің,

әйелдерің, туыстарың, жиған мал-мүліктерің, тоқтап

қала ма деп қорыққан саудаларың, өздеріңе ұнаған

үй-жайларың сендерге Аллаһ пен пайғамбарынан,

Оның жолында соғысудан артық көрінсе, онда сен-

дер Раббының әмірі келгенше күтіңдер. Аллаһ бұзық

қауымды тура жолға бастамайды»

280

.

Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір хадисінде «Мені

аналарыңнан,

әкелеріңнен,

бала-шағаларыңнан

артық жақсы көрмейінше, кәміл иманға қол жеткізе

алмайсыңдар»

281

деген.

Мүминдердің Расулаллаһты (с.а.с.) шын жүрекпен

жақсы көруі бір жағынан иманның ләззатын тат-

тырады, ақирет бақытына қол жеткізеді. Адам ба-

ласы әрқашан сүйгенімен бірге болғысы келеді.

Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір хадисінде мүминдердің

ақиретте сүйгендерімен бірге болатынын айтып,

«әркім

279

Тирмизи, Бирр 16.

280

«Тәубе» сүресі, 24.

281

Бұхари, Иман 8