

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
198
көңіл жұбатып, жабайы һәм надан әрекеттеріне же-
леу іздеп, адам баласы ар-ожданнан айырыла бастаған
кезде, сүйікті Пайғамбарымыз дүниеге келген еді.
Рақымның жер бетіне орнауымен тағылық пен соқыр
сенімге тосқауыл қойылды, бейбақтардың көңіліне
жан тыныштығы қонып, сіңірі шыққан кедейлер
қанды сүліктей сорған қаныпезерлердің қақпанынан
құтылып, жаугершілік жайбарақат тіршілікке айналып,
дертке дауа, жанға шипа болған парасат майданының
арқасында аяққа тапталған адамгершіліктің аспаны
шұғылаға қайта бөленді.
Расулаллаһтың рақымы мұсылман мен мұнафықты,
кәпірді, дос пен дұшпанды, үлкен мен кішіні, тіпті жа-
нуарларды да түгел қамтиды. Мүминге һидаят, кәпірге
иләһи азаптың кешіктірілуі, мұнафықтар өмірі үшін
тыныштық әкелген бұл рақымның аясында Аллаһқа
қарсы шыққаны үшін бірден жойылып кету азабы
тоқтады. Құранда
«Сен араларында болғанда, оларға
азап келмейді. Кешірім сұраса, Аллаһ оларды
азаптамайды»
268
деген және Аллаһ расулының:
«Мен
лағынетші емес, рақым ретінде жіберілдім»
269
деп бар-
ша адам баласына мейіріммен, кешіріммен қараған.
Аллаһ расулының (с.а.с.) рақымдылығының
кеңдігінен Жәбірейілдің (а.с.) де тыс қалмағаны ри-
уаят етіледі. Бір күні Жәбірейілден (а.с.):
«Саған бұл
рақымның шапағаты тиді ме?» –
деп сұрайды. Сон-
да Жәбірейіл:
«Бұл Құран, шынында, ардақты елші
Жәбірейіл арқылы аян етілген Аллаһтың сөзі. Ол
орасан күшке ие, Арш иесі алдында мәртебелі.
Періштелер оған бағынады. Әрі сенімге ие»
270
деген
268
«Әнғам» сүресі, 33.
269
Мүслим, Бирр, 87.
270
«Тәкуир» сүресі, 19-20.