

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
195
бағынады. Одан кейін жаратушымыздың бұйырғаны
үшін пайғамбарларға ереді.
Құран кәрім кез келген тақырыпта жауап бе-
руге қабілетті, бірақ түсінуге келгенде алдымен
оны өз дәрежесінде түсінетін Пайғамбарымыздың
(с.а.с.) дәрісіне мұқтажбыз, өйткені адам болған соң
пенделікпен жаза басуымыз да бек мүмкін. Аллаһ тағала
біздің сол кемшілігімізді ескеріп Мұхаммед Мұстафаны
(с.а.с.) арнайы жіберген және соған бағынуымызды
бұйырған.
Пайғамбарымызға (с.а.с.) бағыну дегеніміз – оның
тыйғандарынан тыйылып, айтқандарын орындаумен
қоса, сүннетін де алып жүру деген сөз. Әлдебір мәселе
туралы Құранның немесе расулаллаһтың сөзі тұрғанда,
ешқандай да мұсылман бұл туралы өз пікірін ортаға
сала алмайды.
Құранда
261
«Раббыңа серт! Олар өз араларындағы
тартысқа билік айту үшін сені шақырмайынша,
сен төрелік айтқан нәрсеге көңілдерінен күмән
сейілмейінше, саған толықтай бағынбайынша, иманы
кәміл емес»
262
деп, Пайғамбарымыздың бұйырғанына
бойсұну, иманның толықтығын білдіретіндігін айтқан.
Пайғамбарға (с.а.с.) бағыну оны құдайлық дәрежеге
көтеру емес. Тек Аллаһтың елшісі болғаны үшін,
дінді жеткізуші, тура жолдың көшбасшысы, Раббыға
бағынудың өнегесін көрсеткені үшін бағынамыз. Ол
ешқашан Аллаһ бұйырмаған нәрсені бұйырмаған,
өзі де істемеген. Егер Пайғамбарымызға (с.а.с.) басы
261
«Аллаһ пен Оның пайғамбарының әлдебір іске үкімі шыққан
кезде, мұсылман ер мен әйелдер өз еркімен әрекет ете
алмайды. Кімде-кім Аллаһ пен пайғамбарына қарсы келсе,
оңбай адасады». («Ахзаб» сүресі, 36).
262
«Ниса» сүресі, 65.