

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
190
айтылған. Олар – Пайғамбарымыздың (с.а.с.) әйелдері,
балалары, Али (р.а.) мен Фатимадан (р.а.) тараған
ұрпақ. Аллаһ елшісі (с.а.с.) ұрпағының қызы Фати-
ма мен күйеу баласы Алиден тарайтынын айтқан. Өз
ұлдарының барлығы сәби кезінде шетінеп кеткен.
Барша мұсылман баласының әһл-бәйітке деген
құрметі ерекше, өйткені осы тармақтан келгендер Ис-
лам әлеміне көп қызмет етіп, жол көрсетуші ұстаздық
атқарған, сондықтан «Ахзаб» сүресінің 32-аятында
«Әй, Пайғамбардың отбасы, шын мәнінде, Аллаһ
сендерден арамдықты аулақ қылып, өздеріңді
кіршіксіз таза етуді қалайды»
деп әһл-бәйітке деген
құрметті баса көрсеткен.
Тарихқа көз тастайтын болсақ, әһл-бәйітке ма-
хаббатпен қарауда шектен шығып, Исламға қайшы
әрекеттерге барған адасушылардың да болғанын
көреміз. Шииттер мен Рафизилер осының бірден-бір
мысалы.
Әһл-бәйітті
Аллаһтың
разылығы
үшін,
Пайғамбарымызға (с.а.с.) деген құрметіміз үшін
сүйеміз. Бұл Пайғамбарымызбен арадағы байланы-
сты күшейтуге сеп болмақ. Егер бір мұсылман хазірет
Алиді (р.а.), Хасан мен Хүсейінді (р.а.) жақсы көрсе,
ол махаббаттың астарында Аллаһтың елшісіне деген
құрмет жатыр. Хазірет Алиді, Хасан мен Хүсейінді
қай мұсылман сүймесін?! Оларға деген махаббатымыз
хазірет Әбу Бәкір мен хазірет Омарға деген құрметімізге
ешқашан да сызат түсірмек емес.
74. Пайғамбарымызға (с.а.с.) сиқыр
жасалған ба?
Әһл-сүннет ғұламаларының көзқарасы бойынша,
сиқыр өмірде бар нәрсе. Ол физикалық дүниеге де әсер