Previous Page  193 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 193 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

193

(сауапты) күндерің жұма күні. Сол күні маған көптеп

салауат айтыңдар, өйткені айтқан салауаттарың

маған арнайы (періштелер тарабынан) жеткізіледі –

дегенде, сахабалар: «Аллаһтың елшісі, Сіздің денеңіз

бұзылып, топыраққа сіңгеннен кейін айтқан салауат-

тарымыз Сізге қалай жетпек?» – деп сұрады. Сонда

ол: «Расында, Аллаһ тағала пайғамбарлардың денесін

жерге харам қылды (топырақ шіріте алмайды)»

258

деген сынды хадистерді біліп өскен мұсылман бала-

сы ғаламның рақым нұрының (с.а.с.) аты аталғанда

сағынышымен, ыстық ықыласымен қалай ғана салауат

жолдамасын?!

Ислам ғұламаларының айтуынша, Пайғамбары-

мыздың (с.а.с.) аты аталғанда мұсылман адамға

өмірінде бір рет салауат айту парыз, оқығанда, жазғанда,

айтқанда, естігенде, бұлардың біріншісінде салауат айту

уәжіп, қайталағанда айту сүннет

259

. Сонымен қатар, қаза

намазда әт-тәхияттан кейін, азан айтылғанда, жұма күні,

мешітке кіргенде, жаназа намазында, қабірді зиярат ет-

кенде салауат пен сәлем айтудың да сауабы мол. Ал са-

лауатты мүлдем айтпау ақиретте Пайғамбарымыздың

(с.а.с.) шапағатынан мақұрым қалуға себеп болады.

Расулаллаһқа (с.а.с.) айтар салауат Аллаһ тағаланың

алдындағы дәрежесін арттыру үшін айтылатын дұға.

Анығында ол, біздің дұғамызға ешқашан мұқтаж емес.

Пайғамбарымызға деген құрметіміз Аллаһ тағаланың

мейіріміне бөленуімізге себеп болады. Оған салауат

айта отырып өз дәрежемізді биіктете түсеміз, өйткені

өзіміз үшін жасалған дұғаға қарағанда салауаттың

қабыл болу ықтималдығы анағұрлым жоғары. Тағы бір

258

Әбу Дәуіт, Саләт 201.

259

Раддул-Мухтар.