Previous Page  192 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 192 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

192

75. Пайғамбарымызға (с.а.с.) салауат

айтып, сәлем жолдаудың мағынасын

қалай түсінеміз?

«Салауат» сөзі «истиғфар, кешірім, дұға, бе-

реке, мадақ, намаз» деген мағыналарды береді.

Аллаһқа қатысты айтылса – Аллаһтың рақымын

тілеу, періштелерге қатысты айтылса – Жаратушы

иенің Пайғамбарымызға кешірімін, мейірім тілеу, ал

адамдарға қатысты айтылса – дұға сұрау болып келеді.

«Сәлем» – Ұлы Рахманның амандығы, тыныштығы

саған жаусын деген сөз. Көркем есімдерінің бірі де

– Сәлем. «Бағыну, бейбітшілік» деген мағыналары

да бар. Осыған қатысты:

«Аллаһ пайғамбарына

рақым жасап абыройын жоғарылатады, дәрежесін

көтереді. Періштелер де соны қалап дұға етеді.

Уа, мұсылмандар, сендер де расулаллаһқа салау-

ат айтыңдар, сәлем жолдаңдар»

253

делінген. Бұл аят

хазірет Пайғамбарға (с.а.с.) жиі салауат айтудың әрбір

мұсылман пендеге міндет екенін айқындай түседі.

«

Менің атым аталған жерде салауат айтпаған

адам оңбай кетсін

»

254

, «

Айт күніндегідей қабірімнің ба-

сына жиналып, қабірімді той немесе арнайы рәсімдер

өткізілетін орынға айналдырмаңдар, керісінше, маған

арнап салауат айтыңдар. Қай жерде болсаңдар да

айтқан салауаттарың маған жетеді

»

255

, «

Қиямет күні

маған ең жақындарың ең көп салауат айтқандарың

»

256

,

«

Нағыз сараң – атым аталған кезде маған салауат

айтпағанадам

»

257

,

«Шынында,аптаішіндегіеңқайырлы

253

«Аһзаб» сүресі, 56.

254

Тирмизи, Дағуат 110.

255

Әбу Дәуіт, Манасик: 97.

256

Тирмизи, Саләт 327.

257

Тирмизи, Дағуат 110.