

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
187
Бір күні Ибн Омар қызыл түсті киім киіп келгенде,
жақтырмағанын байқатқан.
Сондай-ақ, Пайғамбарымыз (с.а.с.) киім мен
әшекейлер алып беруде әйелдеріне керегінше жағдай
жасауға тырысқан. Құран кәрімде: «Жас ет (балық)
жеулерің әрі тағынатын әсемдік зейнет бұйымдарды
(моншақтарды) шығаруларың үшін Аллаһ сендерге
теңіздерді бағындырды»
245
десе, тағы бір аятта: «(Ей,
Мұхаммед!) Былай деп айт: Аллаһ тағаланың пенде-
лер үшін жаратқан әшекейлері мен таза ризықтарын
кім харам ете алады? Оларға айт, ол несібелер дүниеде,
әсіресе ақиретте мүміндердікі болмақ. Білетін қауымға
аяттарымызды осылайша баяндаймыз»
246
– дейді.
Өздеріңізге белгілі, Құранда әшекей бұйымдар мен
әсем киімдерді пайдалануға тыйым жоқ.
Ибн Сағд бір риуаятында «Сахабалар әйелдерінің
көрікті болуы үшін киім мәселесінде жомарттық та-
нытатын», – дейді. Бұған мысал ретінде Осман (р.а.)
Найла деген әйеліне 200 дирхамға жібек мата сатып
алып, «Әйеліме киім тіктіріп қуантайын», – деген
екен
247
. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) осы мәселедегі
үгіт-насихатынан болса керек, сахабалар әйелдерін
киіндіруге жомарттық танытты. Дініміз әйелдердің
киім киініп, әшекей бұйымдар тағынуына рұқсат еткен.
Бұл жайында Құран кәрімде бірнеше аятта айтылады
248
.
Айша анамыз бірнеше алтын жүзік, алқа таққан
249
.
Нажаши сыйға жіберген уд, анбар, зебад секілді иіс
245
«Нахл» сүресі, 14.
246
«Ағраф» сүресі, 32.
247
Ибн Сағыд, Табақат 3/58.
248
«Нахл», 16; «Фатыр», 12. «Ағраф» 32; «Нұр»сүрелері 31,60.
249
Ибн Хажар, Шихабуддин Әбу Фадл Ахмад ибн Али әл-
Асқалани, 12/1449.