

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
183
Аллаһ тағала да мейірімділік танытпайды», –
деп
оның қаталдығын жақтырмаған сыңай танытады.
Бірде жұма күні құтба оқып жатыр еді. Хасан мен
Хүсейін тәлтіректеп, бір құлап, бір тұрған күйі мешітке
кірді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) сөйлеп жатқан жерінен
тоқтап, мінберден түсіп, екеуін көтеріп алып, мінберге
қайта шығады. Екеуін алдына отырғызып:
«Аллаһ
тағала: «Балаларың мен мал-мүліктерің сендерге
сынақ»
237
,
–
деп қалай дұрыс айтқан!» Олардың құлап-
сүрініп келе жатқанын көрген кезде шыдай алмадым,
айтып жатқан сөзімді бөліп, оларды құшағыма ал-
дым», –
дейді.
238
Пайғамбарымыз (с.а.с.) өз немерелерімен қоса
сахабалардың да балаларын жақсы көрген. Хазірет
Усама (р.а.) өзінің балалық шағындағы бақытты сәтін
былай баяндайды: «Аллаһ Расулы бір тізесіне мені,
екінші тізесіне немересі Хасанды отырғызды, сосын
бізді құшағына қысып:
«Аллаһ тағалам, осыларға
рақымыңды төге гөр, себебі мен бұларға мейірімдімін»,
–
деді
239
.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) әке-шешелерінің қасына
еріп келген балалардың бәрін басынан сипап, оларға
Аллаһтан жақсылық тілейтін. Жабир ибн Сәмура (р.а.)
балалық шағында басынан өткен бір оқиғаны былай
баяндайды: «Бесін намазын Пайғамбарымызбен бірге
оқыдым. Намаздан соң үйіне беттеді. Мен де дереу арты-
нан ілестім. Алдынан екі бала шықты. Пайғамбарымыз
тоқтап, оларды бетінен сипады. Сосын мені де бетімнен
сипады»
240
.
237
«Тәғабун» сүресі, 15.
238
Нәсәи, Жұма, 30
239
Бұхари, Әдеп, 22.
240
Нәуәуи, Шәрхул-Мүслим, 15-т., 85-б.