

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
178
соңғы пайғамбар, соңғы елші болмас еді. Құранда
Пайғамбарымыздың соңғы елші екендігін және ол
(с.а.с.) ешбір ер адамның әкесі бола алмайтынын мына
аятпен түсіндірген:
مّا كَانَ مُحَمّدٌ أَبَا أَحَدٍ مِّن رِّجَالِكُمْ وَلَكِن رّسُولَ اللِّ وَخَاتَمَ النّبِيِّينَ وَكَانَ
اللُّ بِكُلِّ شَيْءٍ عَلِيمًا
«
Мұхаммед (с.а.с.) сендерден ешбір еркектің
әкесі емес, бірақ ол
–
Аллаһтың елшісі әрі
пайғамбарлардың соңғысы. Аллаһ әр нәрсені толық
білуші
»
229
.
Аллаһ елшісінің (с.а.с.) ер балаларының қайтыс
болуының тағы бір сыры, Ибраһим пайғамбардың (а.с.)
баласымен сыналғаны секілді, Аллаһ елшісі (с.а.с.) ер
балаларының дүниеден жастайынан озуымен үлкен
сынаққа түсуі. Құранда: ٌ
إِنّمَا أَمْوَالُكُمْ وَأَوْالَدُكُمْ فِتْنَة
«Шынмәнінде, балаларыңмен дүние-мүліктерің
сендер үшін сынақ»
230
деген. Ал мұндай сынақтың ең
ауыры да Пайғамбарларда болмақ. Бір хадисте: «
Ең
ауыр сынақ пайғамбарларда болады, сосын одан кейін
келгендерде, сосын одан кейін келгендерде
» деп, ең
ауыр сынаққа Пайғамбарлар түсетінін айтқан. Аллаһ
елшісінің Аллаһтан келген сынағы: әкесінің қайтыс бо-
луы, сосын өзін қорғап, демеп жүретін көкесінің қайтыс
болуы, сосын жан жолдасы Хадиша анамыздың қайтыс
болуы. Аллаһ елшісі (с.а.с.) бұлардың барлығына
сабырлық танытып, Аллаһқа деген иманының беріктігін
көрсете білді.
229
«Ахзаб» сүресі, 40-аят.
230
«Тәғабун» сүресі, 15-аят.