

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
176
қызметшілері мен олардың балалары ойға оралады.
Атап айтар болсақ, он жыл қызмет етіп «Хадиму нәби»
(пайғамбар қызметшісі) атанған Әнас (р.а.), «Хиббу
расулуллаһ» (пайғамбар сүйіктісі) атанған Усама және
Усаманың әкесі Зәйд (р.а.) секілді бұлардың барлығын
Пайғамбарымыз (с.а.с.) бауырына басып, баласындай
қараған.
68. Не себептен ұлдары ерте жастан
қайтыс болған?
Ислам дінінде ұрпақ ер баламен жалғасады,
сондықтан отағасы ұлды болса ұрпағының жалғасқаны
деп білген. Алайда ұлды болу, жақсы ұрпақ тастап
кету үшін жеткіліксіз. «Бала бер, бала берсең сана
бер» демекші ол баланың ізгі де иманды, елін жұртын
ойлайтын азамат болуы бір Аллаһқа аян, сондықтан
маңыздысы тек ұлды болу емес үлгілі болу, мұсылман
үмбетінің хал-жағдайын ойлау, ізгі амал ету. Сан
ғасырлар өтсе де халық аузынан түспейтін Әбу Бәкір
мен Омар, Осман мен Али, азаншы Біләл секілді саха-
балар, тек ұрпағымен емес ерлігімен, имандылығымен,
ізгі амалдарымен барша мұсылмандарға үлгі болды. Бұл
сахабалардың ұстазы болған Пайғамбарымыз (с.а.с.)
өмірінің соңына дейін әрбір ісін өнеге ететіндей барша
мұсылман жұртшылығына қайталанбас тұлға болды.
Мұны түсінбей тәкаппарлықпен, баласының көптігімен
мақтанған кейбір ақымақтарПайғамбарымыздың (с.а.с.)
ер балалары шетінеп кете бергендіктен «Мұхаммедтің
ұрпағы құрыды» деп айтқандары да болды. Алайда
бұны айтқандардың өздері ұрпақсыз қалатынын біле ал-
мады. Бұлай айтқандар мен ойлағандарға Аллаһ тағала:
«
Расында, біз саған Кәусарды бердік. Ендеше, сен
де Раббың үшін намаз оқы және құрбан шал. Ра-