

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
171
– Саған және бала-шағамызға бар тапқанымды
жұмсап, басқаларға садақа беруге шамам жетпей қалды.
Садақа бергім-ақ келеді, қайтсек болады? – дейді жүзін
кіреуке мұң шалып. Сонда Абдуллаһ ибн Масғуд:
– Бізге жұмсаған қаражатыңда сен үшін бір
сауап бар ма, жоқ па білмедім, – деген соң, әйелі
Пайғамбарымызға (с.а.с.) барып:
– Мен қолөнерге бейімі бар әйелмін, қолымнан
шыққан дүниелерді сатып табыс табамын. Біздің
отбасымыздың осыдан басқа табыс көзі жоқ. Ал садақа
берейін десем, бар тапқан-таянғаным күйеуімнің,
балаларымның керек-жарағына жұмсаудан артылмай-
ды. Осы өзімізге жұмсаған қаржының біз үшін сауабы
бар ма? – деп сұрайды. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.с.):
«Иә, өз отбасыңа не жұмсасаң да, барлығы саған сау-
ап болып жазылады»
220
деп жауап қатқан.
ӘбуҮмама (р.а.) жеткізген хадисте: Аллаһ елшісінің
алдына бір баласын арқалап, бір баласын жетектеген
күйде бейтаныс әйел келді. Оларды көрген бойда Аллаһ
елшісі (с.а.с.)
: «Әйелдер балаларын құрсақтарында
көтереді, айы-күні жеткенде дүниеге әкеледі,
машақатына қарамастан сәбилерге мейіріммен
қарайды. Егер әйелдер осы ауыртпалықтарымен бірге
күйеуіне салмақ салмаса әрі намаздарын толық оқыса,
жаннатқа кіреді», –
деп сүйіншілейді.
Құрайыштық әйелдерінің балаларға жақсы
қарайтындығын, өз күйеуін құрметтейтіндіктерін
көтермелеп: «Құрайыш әйелдері түйеге мінген
әйелдердің ең жақсылары. (Өйткені) олар балаларына
өте жақсы қарайды, күйеуін аса құрметтейді»
221
– деген.
220
Хайсами, 3/118.
221
Бұхари, Никах 12, Мүслим, Рида 56