Previous Page  167 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 167 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

167

Мұхаммед Мұстафа. Сендер маған нелеріңмен

мақтанасыңдар», – деп айт», – дейді

209

.

Жарына деген жақсы қарым-қатынастың Аллаһ

алдында жоғары бағаланатын сауапты іс екенін

Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деп білдірген:

«Ең

қайырлыларың

отбасың үшін қайырлы болғандарың.

Мен отбасына сендердің араларыңдағы ең жақсы

қарағандарыңмын»

210

.

Басқа бір сөзінде: «Әйелдеріңе мейірімді болыңдар.

Олар – сендерге тапсырылған аманат. Оларға жақсы

қараудан басқа амалдарың жоқ. Сендердің көздеріңше

жаман нәрсе істемесе болғаны», – деген еді.

63. Жұбайларының қызғаншақтығына

қалай қараған?

Әйел затының бір осал жері – қызғаныш.

Пайғамбарымыз да әйелдерінің осы әлсіздіктеріне

төзімділікпен, түсіністікпен қарайтын, өйткені бір от-

басында бірнеше әйел болса, олардың қызғанышынан

тыныштықтың тұрақтап тұруы екіталай дүние.

Пайғамбарымыздың (с.а.с.) әйелдерінің арасында

жасы үлкен Сәудадан (р.а.) басқасының барлығының

бойынан қызғаныш сезімінің қылаң беруі орын-

ды. Үммі Сәламаға Пайғамбарымыз (с.а.с.) үйленуге

ұсыныс жасағанда: «Мен қызғаншақпын, ал сіздің

көп әйеліңіз бар...» – деп қызғаныштың алдында әлсіз

екенін сездірген

211

.

Айша анамыз (р.анһа) Пайғамбарымыз (с.а.с.)

кештетіп сыртқа шығар болса, жасырынып артынан

аңдитын. Кейде ұйқыдан оянғанда жанынан таппа-

209

Тирмизи, Мәнақиб 63; Хаким, әл-Мүстәдрак, 4/31

210

Тирмизи, Мәнақиб 63

211

Ибн Сағыд, 8/96