

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
165
Ол: «Айтқанымды орында», – деді. Екеуіміз жүгіріп
жарыстық, менен озып кетті. Сөйтті де маған күле
қарап: «Бұл өткендегі үшін», – деп алдыңғы жарыста
қалып қойғанын есіме салды.
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Аллаһты еске алудан
басқаның барлығы – ермек пен ойынға жатады, тек
мына төртеуі олардың ішіне кірмейді, соның бірі – ер
адамның әйелімен көңіл көтеруі», – деп төртеудің ішіне
ерлі-зайыптылардың көңіл көтеруін атап өтеді.
Аллаһ елшісі асыл жарларын ерекше құрметтеп,
жақсы көретінін өздеріне айтатын. Бір сөзінде
«Жақсы
көргендеріңе жақсы көретіндеріңді білдіріңдер»
203
де-
ген еді. Артықшылықтарын да сөз арасында айтып
қуантатын. Көлікке де өз қолымен мінгізіп, арадағы
ыстық сезімді жиі-жиі сездіріпжұбайларына бақыт сый-
лап отыратын. Бірде жалғыз өзін ғана қонаққа шақырып
келген бір кісіге «мына кісіні де қоссаң» деп әйелдерінің
бірін нұсқаған
204
.
«Мүминдердің ең қайырлысы – көркем
мінез иелері. Адам баласы ғибадатпен ала алмайтын
үлкен шыңдарға жақсы мінезбен шығады. Көркем
мінезі ең жақсылар – әйелдеріне жақсы қарағандар»
205
деп жақсы мінезді кіршіксіз иманға теңеген.
Сафия анамыз әңгімелейді: «Пайғамбармен (с.а.с.)
бір күні жолға шыққан едік. Мені өзі мінген түйесіне
мінгестірді. Жолда қатты ұйқы басып, ұйықтап
қалмауым үшін бір жағынан мені сипап, бір жағынан:
«Ей, Сафия, ұйықтама»
206
деп дауыстап жүріп отыр-
ды», – дейді.
203
Бұхари, Мәжази 38
204
Мүслим, Әшриба 139
205
Тирмизи, Радә 11
206
Ибн Хажар, әл-Маталибул-алия 2/417