Previous Page  161 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 161 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

161

рухани азық беретін. Сонымен қатар, әрбір таң намазы

мен екінті намаздарынан кейін әйелдерінің әрқайсына

жеке-жеке зиярат жасап, әңгімелесетін.

Мысалы, бірде Пайғамбарымыз (с.а.с.) еш

ұйықтамастан түні бойы Сафиямен әңгімелескен,

өйткені бір күн бұрын шайқаста әкесі мен бірнеше

туыстары қайтыс болған Сафия осылайша жақыннан

әңгімелесуге қатты мұқтаж еді. Аллаһ елшісі осыны

байқағандықтан көңілін аулаған.

61. Жұбайларымен кеңескен бе?

Пайғамбарымыз (с.а.с.) әйелдерімен кеңескен. Ең

алғаш уахи түскенде қатты қорқып, бұл қорқынышын

өзін әрқашан қолдап жүретін Хадиша анамызға ба-

рып: «Уа, Хадиша, маған бір сәуле көрінеді. Тылсымға

толы дауыстар естимін. Пұттар мен көріпкелдерді

жақтырмайтынымды білесің. Маған жындар келе ме

деп қорқамын», – дегенде: «Уайымдама, Аллаһ сен

сияқты құлын ұятқа қалдырмас, өйткені сен әрқашан

шындықты айтасың. Аманатқа қиянат жасамайсың.

Туған-туыстарыңмен жақсы қарым-қатынас жасайсың.

Көршілеріңе мейірімдісің. Кембағал жандар мен сіңірі

шыққанкедейлергеқолұшынберіп,мүсәпірлердіңбасы-

нан сипап, үйіңнің төрінешығарасың. Ағайындарыңның

басына іс түскенде, қиындыққа ұшырағанда жәрдеміңді

аямайсың. Аллаһқа ант етейін, сен бұл үмбеттің

пайғамбары боласың деп үміттенемін», – деп жұбатып,

көңіліндегі қорқынышты сейілткен

192

.

Сондай-ақ, қызы Зейнептің Әбу Аспен некелесуі де

Хадиша анамыздың ұсынысымен, Пайғамбарымыздың

(с.а.с.) мақұлдауымен болған.

192

Мүслим, Иман 252; Бұхари, Бәдул-уахи 1.