Previous Page  156 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 156 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

156

Мәдинадағы әйелдер көп нәрсені Пайғамбары-

мыздың әйелдерінен үйренетін. Әйелдері Пайғамбары-

мыздың (с.а.с.) ұяла қысқа жауап қайырған мәселелерін

жұртқа кеңірек түсіндіретін. Пайғамбарымыз (с.а.с.)

әлі туындамаған мәселелерді сұрауға тыйым салған

болса да, күнделікті істе кезігетін сұрақтарға тыйым

салмаған. Егер сұрала қалса жауап берген, тіпті мұндай

мәселеде сұрауға қызықтырған. Әнастың (р.а.) риуа-

ятында осыған байланысты бір оқиға келеді: «Үммі

Сүләйм бір күні Пайғамбарымызға (с.а.с.) келіп:

– Уа, Аллаһтың елшісі! Әйел кісі түсінің әсерінен

жүніп болса, ғұсыл құйына ма? – деп сұрайды. Сол

жерде отырған Айша (р.а.) анамыз:

– «Әйелдерді ұятқа қалдырдың-ау, Үммі Сүләйм,

Аллаһ сені кешірсін», – дейді. Пайғамбарымыз (с.а.с.)

Айшаға (р.а.):

– Әйелдерді ұятқа қалдырған ол емес, сенсің.

Ұялтпа, ансарлық әйелдер фиқһтан қалағанын сұрасын.

Иә, ғұсыл құйыну керек, – деп жауап қатты. Артынша

«Аллаһ ақиқатты баяндауды ар санамайды»

187

деген

аятты оқиды

188

. Осы жағдайдан кейін олар бір мәселенің

төңірегінде сұрақ туындар болса, дереу осы аятты оқып

сұрағын қоятын болған.

Пайғамбарымыз (с.а.с.) Шифа деген мұһажир

әйелге Хафса анамызды оқып-жазуға үйрететін мұғалім

етіп тағайындаған

189

. Ол кісі отбасында болған барлық

жағдайды бақылап жүретін, егер жағымсыз іс-әрекет

орын алса, дереу оның дұрысын үйрететін. Бірде Айша

сіңлісі Әсмамен бірге отырғанда Пайғамбарымыз

(с.а.с.) ішке кіріп келеді. Әсма жеңі кең киіммен (Шам

187

«Ахзаб» сүресі, 53.

188

Мүслим, Хайз 29

189

Ибну Асир, Усудул-ғаба 7,162