Previous Page  155 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 155 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

155

а) Пайғамбарымызбен (с.а.с.) некесі қиылған нәзік

жандылардың дені жесірлер мен ешкімі жоқ әйелдер

еді. Мұсылмандардың бір-біріне көмектесуін үйреткен

Аллаһ елшісі (с.а.с.) осындай әйелдерді бірінші болып

панасына алмаса, одан кейін ешкім де бұл істі орында-

мас еді.

ә) Әр жерден алған жұбайлары оның көзінің тірі

күнінде де, дүние салғаннан кейін де өз төркіндеріне

Исламды таныстыруға көп қызмет еткен. Осылайша

аналарымыз арқылы Исламның таралу аясы кеңейе

түскен.

б) Хазірет Айша анамыз – Пайғамбарымыздың

(с.а.с.) жан жолдасы Әбу Бәкір Сыддықтың қызы.

Хазірет Хафса анамыз – Омар Фаруқтың қызы.

Пайғамбарымыз (с.а.с.) достарының қыздарын ала оты-

рып, екі досына деген үлкен құрметін көрсеткен.

в) Бірнеше әйел алуының тағы бір сыры, жаңа

үкімдердің түсуіне жол ашқан. Қараңғылық дәуірдің

шеңберінен шығып ескі салттың сарқытындай ел

ішіне сіңісіп кеткен жаман әдеттер бар еді. Бұлар

өзгеруі керек болды. Мұны бір істесе Пайғамбарымыз

(с.а.с.) істейтін. Мысалы, арабтың ескі әдетінде асы-

ранды бала өз баласы сияқты есептеліп, мұра беріліп,

оның алған әйеліне үйленуге тыйым салынатын, бірақ

Аллаһтың берген үкімі басқа. Кісі баласы ешқашан өз

балаң сияқты болмайды. Исламнан бұрын Зәйд ибн Ха-

рисаны Пайғамбарымыздың (с.а.с.) асырап алғаны бар.

Оны жұрттың бәрі Зәйд ибн Мұхаммед (Мұхаммедұлы

Зәйд) деп атайтын болды, бірақ бұлай істеу жөн емес

еді. Ақыры, Пайғамбарымыз (с.а.с.) Зәйдпен ажырасқан

Зейнепті өзі алып, бұл дәстүрдің тамырына балта шап-

ты.