

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
151
56. Әйелдеріне қаншалықты тең қараған?
Аллаһ елшісі некеде тұрған барлық әйелдеріне
тең қараған. Хадисінде «Кімде-кімнің екі әйелі болып,
біреуімен жақсы қарым-қатынас жасап, екіншісіне
әділетсіздік етсе, ақиретте денесінің бір жағы қисайған
күйде келеді»
181
– деп ескерткен, сондықтан ер кісі
әйелдеріне барлық мәселеде әділдік көрсетіп, тара-
зы басын тең ұстауы керек. Ал жақсы көру жүрегінің
қалауында болғандықтан, бұл турасында әділдікті
шарт етпеген, өйткені бұған көпшілік адамның ша-
масы жетпейді, сондықтан Аллаһ тағала:
«Қанша
тырыссаңдар да әйелдеріңнің арасында әділдік
ете алмайсыңдар»
182
деп, жүрек пен сезім қалауында
әділдік жасаудың қиындығын ескерткен. Аллаһ елшісі
(с.а.с.) жұбайларымен қарым-қатынасында көркем
өнеге көрсеткен. Сөйте тұра «Уа, Аллаһ тағалам!
Барлық күш-жігерім осы ғана. Сенің иелік еткеніңе
(жүрек қалауына, шынайы сезімге) мен қанша тырыс-
сам да еш нәрсе істей алмаймын», – деп дұға етеді.
Жалпы әйелдерінің арасынан Айшаны (р.анһа) қатты
жақсы көретін. Мұны басқа жарлары да жақсы білетін.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) сырқаттаныпжүргенкезінде
де әрбір жұбайының үйіне кезекпен түнеп жүрді. Бірде
әйелдерінің көзінше: «Ертең кімнің үйіне барамын?»
– деп сұрайды. Сонда әйелдерінің бірі дереу мәселені
түсініп басқаларына: «Айшамен бірге болатын күнді
сұрауда», – дейді. Сосын жұбайлары өзара келісіп:
«Уа, Аллаһтың елшісі, осы күнді Айшамен өткізуіңе
рұқсат етеміз», – дейді. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.с.):
«Сендер разысыңдар ма?» – деп сұрағанда, барлығы
181
Әбу Дәуіт, Тирмизи
182
«Ниса» сүресі, 129.