

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
150
Пайғамбарымыз (с.а.с.) тән құмарлықпен үйленді деп
ойлау орынсыз.
Сондай-ақ Пайғамбарымыздың (с.а.с.) басқа
әйелдермен үйленуі, Мәдина қаласына қоныс аударған
соң, 53 жасынан кейін басталған.
Ибн Хажардың айтуынша, Пайғамбарымыздың
(с.а.с.) Хадиша анамыздан кейінгі үйлену реті мынадай:
Айша, Үммі Салама (65 жаста төрт баласы бар), Хафса
бинт Омар (Омардың қызы), Зайнап бинт Хузафа (60
жаста), Зайнап бинт Жаһш, Райхан бинт Зайд, Жубәйра,
Сафия бинт Хуйай
178
, Үммі Хабиба бинт Әбу Суфиян
(55 жасында), Маймуна бинт Харис (2 балалы)
179
.
Пайғамбарымыздың Айша анамыздан басқа
некелескен әйелдерінің бәрі жесір әрі 40 пен 60
жастың арасындағы, балалы-шағалы болған. Бұдан
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) барлық некелерінде
нәпсіқұмарлық емес, терең хикметті мақсат жатқанын
аңғарамыз.
Сондай-ақ өте маңыздысы, Құранда Пайғамбары-
мыздың әйелдері мұсылмандардың анасы саналаты-
ны және Пайғамбарымыз үйленгеннен кейін олармен
басқа ешкім үйлене алмайтындығы айтылған
180
. Егер
Пайғамбарымыз (с.а.с.) үйленген әйелінің төртеуін
таңдап басқаларымен ажырасқанда, ол аналарымыз-
бен ешкім үйлене алмағандықтан, Пайғамбарымыздың
бұлай істеуі оларды далаға тастау болар еді.
178
Пайғамбарымыз (с.а.с.) оған: «Қаласаң дүние-мүлкіңді
ал да, кет, азатсың, қаласаң осында қал, мұсылман бол,
маған үйлен» деп ұсыныс білдіргенде, ол мұсылмандықты
қабылдап, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жары болуды қалайды.
179
Булуғул-Марам мин адиллатил ахкам, аударған; Ахмед
Даудоглу, Сөнмес нашрият, Стамбул-1970, 1/392
180
«Ахзаб» сүресі, 6.