Previous Page  154 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 154 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

154

болғанын көреміз. Шариғаттың төмендегі тұстарын

Пайғамбарымыздың (с.а.с.) әйелі, мұсылмандардың

аналары арқылы біле алдық.

Пайғамбарымыздың

отбасылық

мәселелерге

қатысты сүннет амалдары әйелдері арқылы жеткен. Үй

шаруасындағы, отбасылық өмірдегі түнгі құлшылығы,

отбасы мүшелерімен қарым-қатынастары т.б. бөгде

ешкім хабардар бола бермейтін іс-әрекеттерінің бәрі

нақты түрде бүге-шігесіне дейін аналарымыздың айтуы

бойынша жеткен. Әсіресе әйелдерге байланысты хайыз,

нифас секілді кейбір ұятты мәселелерді бізге осы пәк

жұбайлары жеткізбегенде, шариғаттың бұл тұстарынан

мұсылмандар мүлде беймәлім күйде қалар еді. Барлық

хадис кітаптарына назар аударсақ, Хақ елшісінің (с.а.с.)

үйдегі қарым-қатынасы, басқа да бөгде адамдар көре

бермейтін іс-әрекеттерінің бәрін Айша анамыз сияқты

пәк жұбайлары риуаят еткеніне куә боламыз. Тіпті,

Айша анамыз хадистерді жеткізіп қана қоймай, қай

хадистің қандай жағдайда айтылғанын да жақсы білген.

Олай болса, барша әйелдерге Пайғамбарымыздың

(с.а.с.) әйелдері ұстаздық етті десек қателеспейміз.

Аллаһ елшісінің жұбайларының арасында жас, орта

жастағысы, егде тартқандары және қабілеттері әртүрлі

әйелдері болды. Олардың сұрақтары мен әртүрлі

мәселелер турасындағы сауалдарының жауабы мен

шешімдерін дер кезінде Пайғамбарымыз айтып отырды.

Осылайша әр жасқа, қабілетке байланысты туындаған

мәселелерге берген жауаптары мен шешімдерін

үмбетіне жеткізуі осы пәк жұбайларының арқасында

жүзеге асты. Ақиық пайғамбар дін үкімдерін жоғалтып

алмау мақсатымен елу үш жасынан кейін бірнеше

әйелмен үйленуге бел буады. Бұны тіпті жанқиярлыққа

жатқызуға болады.