

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
157
елінің киімі) отырған. Мұны көрген Пайғамбарымыз
дереу қайта шығып кетеді. Сонда Айша (р.а.) Әсмаға:
«Сен шық, Аллаһ елшісі сенен ұнатпаған нәрсені
көрді», – дейді. Әсма шығып кетеді. Үйге қайта кіргенде
Айша Пайғамбарымыздан неге шыққанын сұрайды.
«
Мүлдем байқамадың ба? Бір мұсылман әйелдің тек
мына жерлері ашық жүруіне болады», –
деп, қолымен
Айшаның (р.а.) жеңін созып, саусақтарына дейін жаба-
ды, сосын самайына дейін басын жабады да тек жүзін
ашық қалдырады
190
. Осылайша Аллаһ елшісі (с.а.с.)
әйелдеріне ненің дұрыс, ненің бұрыс екендігін үйретіп
жүретін.
Расулаллаһ әйелдердің мешітке баруына кедергі
болмаған. Олар түнгі уақытта да мешітке бара алатын.
Айша (р.а.): «Біз Аллаһ елшісімен бірге мешітте намаз
оқып, таң ағара бастағанда орамалдарымыз жабылған
күйде үйге оралатынбыз», – дейді.
Исламдіні – ақырғыдін. Исламшариғаты– қияметке
дейін келетін адамдардың барлық мұқтаждықтарын
өтей алатын ауқымға ие. Сол үшін өмірдің ешбір
кезеңін көзден таса етпеген. Тіршіліктің барлық ұсақ-
түйегіне дейін қамтыған Ислам дініндей ешқандай
дін де, жүйе де тарихта болмаған. Тамақ жеу мен
ұйықтау әдебінен бастап, ғибадат пен туыстық қарым-
қатынастар, кісінің өзін-өзі ұстауы – бәріне де жарлары
куә болып, кейінгі ұрпаққа жеткізген, өйткені олар күні-
түні Расулаллаһтың жанынан табылды. Олай болмаған
жағдайда бәлкім біз түнгі намазды, болмаса ұйықтау
әдебін, әйелдерге қатысты түрлі шариғи үкімдерді
біле алмас па едік, кім білсін? Бұл ауыр жүкті бір
адамның арқалауы мүмкін емес. Осы тұрғыдан келген-
190
Хайсами 5/137