

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
160
60. Жарларына уақыт бөле алған ба?
Аллаһ расулы (с.а.с.) дін Исламның қызметі мен
мемлекет басқару сияқты үлкен істі атқара жүріп
жұбайларына уақыт бөлуді де ұмытпайтын. Сахаба-
ларымен әрдайым бірге болып, оларды тәрбиелеуге
ден қоя жүріп отбасымен көңіл көтеруге де уақыт та-
батын. Отбасының ынтымағын сақтау үшін әр кеш
сайын қонатын үйіне барлық жарларын жинап әңгіме-
дүкен құратын. Пайғамбарымыз ғибратты әңгімелер
айтып, кейде әзілдесіп жұбайларына шаттық сыйлай-
тын. Үйдің басшысы, отағасы болғандықтан отбасы-
на аса мән беріп, хал-жағдайларын сұрап ізгі насихат
айту арқылы көңілдерін көтеруге тырысатын. Отбасы
мүшелеріне дінді түсіндіру үшін арнайы уақыт бөліп,
бірге болатын. Түнде тұрып, жарларының біреуінің
хал-жағдайын сұраса, дереу өзге жұбайларының да
бөлмелерін аралап, олардың да көңілдерін аулайтын,
сондықтан әрбір жары өзін Рақым елшісінің ең сүйіктісі
санайтын. Бұл да Расулаллаһтың теңдессіз мәрттігінен
туындаған. Алайда жүректің біреуді өзгеден артығырақ
жақсы көруіне ешкімнің бөгет бола алмайтыны рас.
Аллаһ расулы жүректің біреуді артығырақ жақсы көруі
секілді өте нәзік мәселеде Хақ тағаладан кешірім тілеп:
«Байқамай біреуін өзгелерінен артық жақсы көруім
мүмкін. Оным әділетсіздік болар. Раббым, қолымнан
келмейтін осы мәселеде рақымыңа сыйынамын»
191
,
–
деп жалбарынатын.
Жеребе тастау арқылы әйелдерімен қалатын
түндерін белгілеп әрі сол түндерде әрқайсымен кеңесу
уақытынбөліпқойған. Тіпті әйелі хайыз халінде болса да
түнгі кезегінен аттап кетпей, кең отырып, сұхбаттасып,
191
Тирмизи, Никах, 41; Ибн Сағыд, Табақат, 2/231.