Previous Page  166 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 166 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

166

Сафия анамызбен болған тағы бір оқиғаны

баяндасақ: «Бір сапарда бірге мінгескен түйенің аяғы

тайып, екеуміз де құлап түстік. Сол сәтте жәрдемге

жүгірген Әбу Талхаға Пайғамбарымыз (с.а.с.)

«Әйелге

көмектес»

деп бірінші маған көмек бергізген бола-

тын», – дейді

207

.

Хазірет Омар (р.а.) былай дейді: «Бір күні Аллаһ

елшісінің жанына бардым. Қарасам, күлімсіреп тұр

екен. Мен: «Аллаһ тағала мәңгілік шаттыққа бөлесін,

неге күлімсіредіңіз?» – деп сұрадым. Ол: «Мына

әйелдердің іс-әрекеттеріне күлкім келгені. Әлгінде

қасымда сөйлесіп отыр еді. Сенің дауысыңды ести сала

басылып қалды», – деп жауап қатты. Пайғамбардың

осы сөзін ести сала, даусымды көтеріп: «Әй, пәленше,

түгеншелер! Сонда Хақ пайғамбардан қорықпай, менен

қорыққандарың ба? Осы қылықтарың әдепсіздік емес

пе?» – дедім. Олар: «Сен қатал адамсың», – деп жауап

берді»

208

.

Омар (р.а.): «Араб әйелдері: «Аллаһ және Аллаһ

елшісі (с.а.с.) бізді өзімізден артық жақсы көріп,

мейірімін төкті», – деді», – деп, Пайғамбарымыздың

өшпес өнеге қалдырғанын жеткізеді.

Алда-жалда жұбайларының басына уайым-қайғы

орнай қалса, бірінші болып жанынан табылатын. Бірде

жұбайларының бірі Сафия анамыздың яһудилігін бетіне

басып, шамына тиетін сөз айтса керек. Мұны Сафия

анамыз Пайғамбарымызға (с.а.с.) айтып келеді. Сонда

анамыздың көзінің жасын сүртіп отырып былай деген

еді: «Енді тағы осылай дейтін болса, сен оларға «Менің

әкем – Харун, ағам – Мұса, ерім – өздерің көргендей

207

Ибн Хажар, әл-Маталибул-алия 6/533

208

Бұхари, Әдеп, 68