

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
172
66. Жүкті әйелге және туылған нәрестеге
қаншалықты көңіл бөлген?
Аллаһ елшісі (с.а.с.) сәбиге дүниеге келместен
бұрын, ана құрсағында жатқанда-ақ көңіл бөле бастай-
тын. Фатима анамыз Хасанға жүкті болып, толғағы
жақындаған шақта жиі барып хал-жағдайын сұрап,
керек-жарағына көмектесті. Сосын:
«Бала дүниеге
келген кезде маған хабар бермейінше, балаға еш нәрсе
жасамаңдар», –
деп ескертіп кетеді. Фатима анамыздың
жанында Сәуда бинт Мисрах бала дүниеге келген сәтте
Пайғамбарымызға (с.а.с.) ескертпестен сары түсті
матаға орап қояды. Аллаһ елшісі (с.а.с.) оны естігенде
реніш білдіріп: «Менің айтқанымды істемедің», – деп
кейіс танытып, ер балаға жараспайтын сары түсті
жаялықты шешіп, ақ жаялыққа орайды. Сосын баланың
аузына түкірігінен жағып, артынша Алиді (р.а.)
шақырып атын кім қойғандығын сұрайды
222
. Расулаллаһ
(с.а.с.) ата-аналарға балаларын жынысына сай түспен
киіндіру керектігін осындай әрекетпен көрсетеді.
Хүсейн туылғанда да осылай жасаған. Үммі
Сүләймнің ұлы Абдуллаһтың туылуы жақындаған сәтте
Пайғамбарымыз (с.а.с.) «Балаңның кіндігін кескенде
мені шақыр, мен келмей тұрып ештеңеден дәм таттыр-
ма», – деп ескертеді
223
.
Аллаһ елшісі (с.а.с.) жаңадан туылған баланың
таңдайына құрманың жұмсағын жағып дұға қылатын.
Қос құлағына азан мен қамат айтып, есімін қоятын.
Содан кейін шақалаққа жеті күн толғанда, ер бала-
ны сүндетке отырғызып, алғаш шыққан шашын ал-
222
Алиулмуттақи ибн Хусайддин әл-Һинди 974/1567; Кәнзул-
Уммал фи Сунанил ақуал уал-афал, Хайдарабад 1945, 16/261
223
Қади Әбу Талип, «Шарху илали Тирмизи» Сараи