Previous Page  170 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 170 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

170

нан», –

деп, қой сойған сайынХадишаныңжақындарына

сыбағаларын беріп жіберетін.

65. Ерлі-зайыптыларға отбасына қамқор

болу жайлы не айтқан?

Фатима (р.а.) мен Али үйленгенде, Пайғамбарымыз

(с.а.с.) үй шаруаларын екеуіне бөліп, үй ішіндегі істерді

Фатимаға, ал түздегі істерді Алиге бергендігі риуаят

етілген

216

. Үй сыпырып, су тасығаннан, әсіресе диірмен

тартқандықтан Фатима анамыздың қолы жара болған

кездері де кездескен

217

.

Османға (р.а.) тұрмысқа шыққан қызына:

«Қызым,

Османға жақсылап қызмет қыл!»

218

– деп күйеуіне

қызмет қылу, отбасы берекесін арттыратынын

айтқан. Ал Айшаға (р.а.) «Айша, бізге тамақ дайын-

да, су әкел» деп бұйырғандығы, кейде Айша анамыз

Пайғамбарымыздың басын жуғандығы айтылады

219

.

Бір айта кететін жайт, әйелдер де үй шаруалары-

мен қоса қолынан келетін істер арқылы жұмыс істеп,

табыс табуына болады, өйткені Пайғамбарымыздың

әйелі Зейнеп бинт Жахш та тері илеп, оны тіге алатын

өнері болғандығы және осы өнері арқылы табыс тауып,

тапқан табысын садақа еткендігі айтылады. Абдуллаһ

ибн Масғудтың әйелі қол өнерімен табыс тауып, ол та-

бысын Ибн Масғудқа, бала-шағасының керек-жарағына

жұмсайтын. Бірде әйелі:

216

Ибн Хажар, әл-Маталибул-алия 2/39

217

Бұхари, Дағуат 11.

218

Ибн Хамза Хусайни Сайд Ибраһим ибну Сайд Мұхаммад

ибн Сайд Камалуддин; әл-Баян уа тағрифул-урудул-асбабул-

хадис шариф, 2/308

219

Бұхари, Хайз 5