Previous Page  175 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 175 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

175

жылайсыз ба, Аллаһтың елшісі?» –

деп сұрағанда,

балаға деген мейіріммен қамығып жылағанын айтқан.

Ал қыздарының ең үлкені – Зейнеп. Пайғамбарымыз

(с.а.с.) 30 жасқа толғанда Хадиша анамыздан туылды.

Он жасында Хадиша анамызбен бірге иман келтірген.

Һижреттің сегізінші жылында 31 жасында дүние сала-

ды.

Екінші қызы Рұқия Пайғамбарымыздың (с.а.с.) 33

жасында Хадиша анамыздан туылған. Хазірет Османға

күйеуге шығады. Бәдір соғысынан кейін араға үш күн

салып 22 жасында науқастанып бақилық болады.

Одан кейінгі қызы – Үммі Гүлсім. Хадиша

анамыздың үшінші қызы. Ұтба ибн Әбу Ләһабқа

күйеуге шыққанымен, алғашқы неке түніне дейін ажы-

расып кетеді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) Үммі Гүлсімді

хазірет Османмен (р.а.) некелестіреді. Сол үшін хазірет

Осман «Қос нұрдың иесі» деп аталған. Үммі Гүлсім

Пайғамбарымыздың (с.а.с.) көзі тірісінде һижреттің

тоғызыншы жылында қайтыс болды. Жаназа намазын

Пайғамбарымыздың (с.а.с.) өзі оқыды.

Одан кейінгі соңғы қызы – Хадиша анамыздан

туылған Фатима анамыз. Һижреттен 13 жыл бұрын

Мекке шаһарында дүниеге келген. Фатима анамыз 15

жасына толғанда 21 жастағы Алимен (р.а.) отау құрады.

Бұлардан Хасан, Хүсейін және Үммү Гүлсім мен Зей-

неп атты балалары болған. Қызы Зейнеп Абдуллаһ ибн

Таййармен некелесіп, бұлардың Али, Үммү Гүлсім

атты балалары болды. Пайғамбарымыз (с.а.с.) қайтыс

болғаннан алты айдан кейін Фатима анамыз 24 жасын-

да дүние салады.

Пайғамбарымыздың (с.а.с.) әкелік қасиеті тура-

лы сөз қозғағанда өз балаларымен қатар, сол отбасыға

кіретін, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) тәрбиесін алған