Previous Page  180 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 180 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

180

мыз: «Бір күні Аллаһ елшісі мені бір іске жұмсады.

Алғашында бармаймын деп қарсылық таныттым. Іштей

Аллаһ елшісінің бұйырған ісіне барғым келіп тұрды. Со-

сын айтқанын орындау үшін жолға шықтым. Жолда бір

топ балалардың ойнап жатқанына кезігіп, ойындары-

на алданып біраз кідіріп қалған едім, иығыма біреудің

қолын қойғанын байқап артыма бұрылып қарасам,

Аллаһ елшісі екен, маған күліп қарап: «Әнас, менің тап-

сырмам не болды?» – деді. Мен: «Міне, орындауға бара

жатырмын, – деп жүгіре жөнелдім»

233

, – дейді.

Ардақты елші балалары бар ата-аналарға:

«Балаларыңның ізгілік жолында болуына жәрдем

етіңдер. (Болашағын ойлаған) адам оларды ата-ана-

сына қарсы шығудан (дұрыс тәрбие беру арқылы)

қорғасын!»

234

– деп кеңес берген. Оларға мейіріммен,

қайырымдылықпен қарап, ата-анасына қарсы шығудан

сақтандырған.Балаларғаосылайқарауолардыбағынуға,

тәртіпке үйретіп, ер жетіп жетілгенде, олардың

бағынбауларының алдын алады деп түсіндіреді

235

.

Аллаһ елшісі (с.а.с.) балаларына тәрбие беру-

мен бірге білім беруді бірінші орынға қойған. Тілі

шығысымен қасиетті Құран аяттарын жаттатқан. Бұл

жайлы Ибн Шұғайып былай дейді: «Абдулмутталиб

ұрпағының бірі сөйлейтін жасқа келгенде Аллаһ елшісі

(с.а.с.) : ِ

هِّ الّذِي لَمْ يَتّخِذْ وَلَداً وَلَم يَكُن لّهُ شَرِيكٌ فِي الْمُلْك

ِل ُ

الْحَمْد

«

Әлхамду лилләһи әлләзи ләм ияттахиз уәләдә,

уә ләм иәкул-ләһу шәрикун фил-мулк

»

233

Мүслим, Фадайл 54. Әбу Дәуіт, Әдеп 1.

234

Фәйзул-қадир, 2/13

235

Фәйзул-қадир, 2/13-14