

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
184
Аллаһелшісі (с.а.с.) балаларғадегенсүйіспеншілігін
олармен сәлемдесу арқылы да көрсететін. Жолда бала-
ларды көрсе «
Уа, балалар! Әс-сәламу аләйкум!» –
деп
сәлемдесетін. Саиб ибн Язид балалықшақтағы естелігін
былай баяндайды: «Біз бір топ бала ойнап жүрген
едік. Жанымыздан Пайғамбарымыз (с.а.с.) өтіп бара
жатыр екен. Мен балалардан бөлініп, қасына барып,
сәлем бердім. Сәлемімді алып, «Кімнің баласысың?»
– деп сұрады. Мен: «Саиб ибн Язид ибн ухтин-Нәмр
ибн Қасыт», – деп аты-жөнімді толық айттым. Сонда
Расулаллаһ (с.а.с.): «Аллаһсені мүбәракетсін», –деді».
241
Сапардан оралғанда Пайғамбарымыздың (с.а.с.)
түйесін қаумалай қоршап күтіп алған қара сирақ ойын
балаларын көрер едіңіз. Тек қана өз немерелеріне емес,
барша бала атаулыға ерекше мейірім көрсеткен. Кеше
ғана қыз баланы тірідей көміп келген жұрт бүгінде
балаларының Пайғамбардың (с.а.с.) мойнына асылып
еркелеп жүргенін көрді.
Балаға деген сүйіспеншіліктің бір көрінісі – сыйлық
беру. Пайғамбарымыз (с.а.с.) бұл жайлы хадисінде бы-
лай дейді
: «Балаларыңа сыйлық жасаңдар, жақсы
тәлім-тәрбие беріңдер»
242
.
Хазірет Айшаға айтқан
өсиетінде осыны табыстап:
«Көршілердің балалары
қасыңа келген кезде, қолына бір нәрсе ұстат, себебі бұл
достықты (сүйіспеншілікті) арттырады», –
дейді. Өзі
қасына келген балаларға міндетті түрде сый беретін. Бір
уыс құрма болса да беріп, қасынан құр қол жібермеуге
тырысатын. Алғаш піскен жемісті де бірінші соларға
тарту ететін. Сахабалар жыл сайын бау-бақшасының
алғашқы жемісін Пайғамбарымызға әкелетін. Бұл әдет
олардың ыстық ықыласы мен сүйіспеншілігінің көрінісі
241
Табәрани, Мужәмус-сағир, 1-т., 249-б.
242
Ибн Мажә, Әдеп, 3.