

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
185
еді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) әкелінген жемісті алдымен
үшмәрте оң көзіне, сосын сол көзіне басып, дұғасын жа-
сап,жамағаттың ішінде еңкішкентайынаұсынатын.Осы
әдеті арқылы балаға деген сүйіспеншілігін көрсетіп ғана
қоймай, мұсылмандарға үлгі-өнеге болып, балаларға
мейіріммен қарау қажеттігін ұқтыратын. Үмбетіне
балаға деген сүйіспеншілікті өсиет еткен хадистерінің
бірінде:
«Балаларына көрсеткен мейіріміне байланы-
сты Аллаһ та оған мейірім танытты», «Балаларын
арқалап, омырауын емізген, оларға мейірімін төккен
әйелдер, осы істерімен қоса, күйеулеріне қиыншылық
тудырмаса және намаздарын оқыса жаннаттық бо-
лады», –
деген.
Адамзаттың ең мейірімдісі Пайғамбарымыз (с.а.с.)
балаларды қуанту, көңілін табуға Аллаһ тағаланың
разылығына жетелейтін істердің бірі деп қарайтын.
Жүрген жерінде балалардың жағдайын ойлап жүретін.
Ал қызы Фатиманы маңдайынан, төбесінен иіскеп
сүйетін. Тіпті бала жылағанына да Пайғамбарымыз
(с.а.с.) шыдай алмайтын. Бір риуаятта таң намазының
алғашқы рәкатында 60 аяттық сүре оқып тұрған бола-
тын. Сол сәтте бір баланың жылаған даусы естілді, со-
сын Аллаһ елшісі (с.а.с.) екінші рәкатта ең қысқа сүре
оқып намазды тез тамамдады
243
.
Аллаһ елшісі (с.а.с.) балалармен әзілдеп те ойнай-
тын. Әнасты «зул-узунайн» (қос құлақты) деп атайтын.
Кейде күлдіретін, кейбір балаларға аузына су толты-
рып бүркетін. Бір хадисінде:
«Баласы барлар баламен
балаша ойнасын», –
деп, балаларды ойнату керектігін
үйрететін. Пайғамбарымыз (с.а.с.) еңбектей жүріп Ха-
сан мен Хусейнді арқасына отырғызып алатын, кейде
243
Ибн Әбу Шәйба Әбу Бәкір Абдуллаһ ибн Мұхаммад 253/1867