Previous Page  189 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 189 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

189

Ханидың үйіне барып тіске басар нәрсе сұрайды.

Үй иесі жүзім шырынынан басқа ештеңе жоқ екенін

айтқанда, «жүзім шырыны бар үйде тамақ жоқ деп

айтқан жөн бе?» – деп, астың осы бір түрін ұнататынын

білдірген. Арабтарда сары майға ірімшік қосылып дай-

ындалатын «хис» деген тағам бар. Пайғамбарымыз

(с.а.с.) осы тағамды ұнататын деседі.

Бір жолы хазірет Хасан (р.а.) мен Абдуллаһ

ибн Аббас (р.а.) Үммі Сәламаға (р.анһа) келіп:

«Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сүйікті тағамын дайын-

дап беріңізші», – дейді. Үммі Сәлама арпа ұнын илеп,

қазанға салады да, отқа қояды. Үстіне зәйтүн майын

қосып, қара бұрыш себеді. Бұл Пайғамбарымыздың

(с.а.с.) сүйікті асының бірі еді.

Мұнымен қоса, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) реті

келсе қой, ешкі, тауық, түйе, қоян, балық етін де жегені

айтылады.

Расулаллаһ (с.а.с.) Сафия анамызбен (р.анһа) отау

көтергенде, тойға арнап құрма мен ұн араласқан сорпа

дайындатқан.

Салқын суды жақсы көретін. Қарбыз бен құрмаға

нан қосып жейтін. Қиярды да ұнататын. Кейде сүт ішіп,

енді бірде сүтке су қосып ішетін. Өрікті, құрма мен

жүзімді қайнатып, суын ішкенді ұнататын. Дастарқанға

қойылған тамақты ұнатпаса аузына алмайтын, бірақ

ешқашан да асты нашар деп айтпайтын. Асты үш

саусағымен алып жейтін.

73. Әһл-бәйіт деген кім?

Арабшада «әһл» сөзі «ие» «бәйіт» сөзі «үй» дегенді

білдіреді. Қазақтың жалпақ тілімен айтқанда «қара

шаңырақтың иесі» дегенге саяды, бірақ дінімізде бұл

Пайғамбарымыздың (с.а.с.) ұрпағына ғана қатысты