

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
186
кеудесіне жүргізіп, күлдіріп те ойнататын
244
. Балалар
топырақта ойнағанды жақсы көретін болғандықтан,
«Топырақ ─ баланың алғашқы көктемі
» деп, балалар-
ды құмға, топыраққа ойнату керектігін айтатын.
Алайда сүйіспеншілік мәселесінде еш шектен
шықпаған. Баланы барлық нәрседен артық қойып,
тіпті Аллаһ тағалаға деген сүйіспеншілігімізге көлеңке
түсірерлік дәрежеде құлай сүю астамшылдық екенін
білдіріп, баланың сынақ екендігін ескерген. Әуелі
бізді адам етіп жаратқан, бойымызға мейірім шуағын
сыйлаған Жаратқан Иені жақсы көріп, шүкіршілігімізді
білдіруіміз керектігін дұрыс санаған. Балаларға
«Жаратқанның аманаты» деп қарауға шақырған.
71. Киім киісі қандай еді және әйелдерінің
сәнді киім кигенін ұнатқан ба?
Таза, тәртіпті киінуге қатты мән беретін. Жаңа
киім кигенде, Аллаһқа мадақ айтып, қайырлы іске
киілуін тілеп, сол киім жабатын мүшелерден келетін
жамандықтардан сақтанатын. Елдің көзін тартатын
киім кимей, ысырап етіп тым қымбатын алудан тарты-
натын. Өзін ел ішінде қарапайым ұстап, орта таптың
киінгеніндей киінетін.
Киім кигенде де қарапайымдылықтан ауытқымаған.
Мақтаншақтық пен ел көзіне түсуге әуелден жаны
қас, бірақ анда-санда әдемі киімді де киіп тұрудан
бас тартпайтын. Кей елдің патшалары беріп жіберген
тартуларының ішінде қымбат киімдер де болатын.
«Ақ түс – түстердің ішіндегі ең әдемісі»
деп
ақ түсті ұнататын. Қызыл киімді суқаны сүймейтін.
244
Бұхари, әл-Әдәбул-муфрад 96, 249.