

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
182
қоятын ешкім жоқ еді. Алда-жалда біреуі білместікпен
қатежасап қойса, оларға дегенмахаббатыорындыескер-
ту жасауына кедергі келтірмейтін. Мысалы, бір жолы,
Хасан (р.а.) не Хүсейін (р.а.) екендігі белгісіз, кішкене
күндерінде байқаусызда садақаға келген құрмаға қолын
соза бергенде Пайғамбарымыз (с.а.с.) дереу оның
қолын қағып:
«Бізге садақа жеу харам», –
деген еді.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) балалардың өзін райхан гүліне,
ал иісін жаннаттың иісіне теңеген. Немерелерін жиі-
жиі қасына шақырып, бауырына басып, маңдайынан
иіскейтін. Тіпті кейде оларды құшақтап, сүйгеннен
кейін: «Аллаһ тағалам, бұлардымен жақсы көремін, Сен
де оларды жақсы көрші», – деп дұға ететін. Бөлмесіне
ешкім кірмесін деген уақыттарда да немерелерінің
кіруіне қарсы болмайтын. Тіпті мешітте жамағатпен
намаз оқып жатқанда немерелері келіп үстіне шығып
ойнайтын. Әбу Қатада: «Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір
күні жиен немересі Умаманы иығына отырғызған
күйде мешітке келді. Жамағатқа намаз оқытты. Рүкуғқа
иілгенде қызды жерге түсіретін, сәждеден тұрған кезде
қайтадан қолына алатын», – дейді.
Үмбетін тәрбиелеуде мейірімділікті арқау еткен
Аллаһ елшісінің (с.а.с.) балаларға деген сүйіспеншілігі
үлгі аларлық еді. Бір хадисінде:
«Балаларыңды көп
сүйіңдер, себебі сүйген сайын жаннатта бір дәреже
беріледі. Әрбір дәреженің ара қашықтығы бес жүз
жыл. Періштелер әр сүйгендеріңді санап, жазып оты-
рады», –
деген.
Бір күні Аллаһ елшісі (с.а.с.) немересі Хасанды
сүйіп жатқанда қасына келген Ақра ибн Хабис: «Менің
он балам бар, ешқайсысын дәл бұлай сүйген емеспін», –
дейді. Сонда Пайғамбарымыз: «
Мейірім танытпағанға