Previous Page  188 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 188 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

188

суларды Пайғамбарымыздың (с.а.с.) әйелдері өзара

бөліскен. Үммі Хабиба бұлардан өз үлесін алып

қолданғанда, Пайғамбарымыз (с.а.с.) қарсылық

білдірмеген

250

. Алайда әйел затының жадында ұстайтын

бір мәселе: әйел тек күйеуі үшін иіс су себініп, әсемдігін

барынша көрсете алады. Өзге жұрт үшін бұлай істеу

дұрыс емес. Пайғамбарымыз (с.а.с.) балдызы Әсманың

Айша анамыздың жанында иіс су себінгенін көргенде:

«Әйел заты күйеуінен басқаға иіс су себінбеуі керек»

251

деп, бөгде адамдар бар жерде иіс су себінбеу керектігін

ескертеді. Күйеуінен басқа адамдар көретіндей етіп ал-

тын мен күмісті тағынып әшекейлену харам екендігі,

ер кісілердің құмарлығын оятатындай етіп иіс су себіну

күнә саналатындығы жайлы риуаяттарда айтылған

252

.

Құранда:

«Жабық денесін (әшекейлерін) көрсетпек

болып, аяқтарын ұрып жүрмесін»

деп өздерін

күйеуінен басқа ер кісілерге көрсету үшін иіс су себініп

күнәға бой алдырмасын деуде.

72. Тамақтануы қандай еді?

Пайғамбарымыздың

(с.а.с.)

қарапайымдығын

өмірінің барлық кезеңінен көре аламыз. Өте

қанағатшыл болатын. Өзінен гөрі жұртқа қол ұшын

бергісі келіп тұрушы еді. Өзі жегеннен гөрі біреудің

тойғанына қуанатын, сондықтан тоя тамақ жеген күні

кемде-кем деуге болады. Ақ ұннан ашытылған нанның

өзіне қол жетпеді. Әрине, жақсы көретін тағамдары

қатарында: жүзім шырынын, балыд, зәйтүн майын,

кейбір көкөністерді атай аламыз. Алайда мұның бәрі

оның дастарқанына өте сирек қойылатын. Бірде Үммі

250

Мустадрак ала Сахихайн 4, 21.

251

Хайсами 4,314.

252

Сүнәнү Дарими, Каир, 1387. 4/236.