Previous Page  194 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 194 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

194

сүйіншісі сол: Пайғамбарымыз (с.а.с.) бізге шапағат

етеді.

Пайғамбарымызға салауат үмбеттің айтқан алғысы

іспеттес. Тағдырдың талайына төтеп беріп, адамзат

баласының қараңғы көгіне күн болып шығып, үмбетіне

деген шексіз сүйіспеншілігін жұдырықтай жүрегіне

сыйғызған сүйікті Елшіге екі ауыз сөз салауат айту

барша мұсылманның Пайғамбарымызға (с.а.с.) деген

құрметін көрсетсе керек.

Салауат айтудың түрлері көп, алайда жиі айтыла-

тыны: «Аллаһумма салли ала Мұхаммадин уа ала али

Мұхаммадин» және «Саллаллаһу алайһи уә сәлләм».

Тағы бір хадисте

«Сахабалар: «Уа, Аллаһтың елшісі!

Сізге салауатты қалай айтсақ дұрыс болады?» – деп

сұрады. Сонда ол: «Аллаһуммә салли алә Мұхаммәдин

уә алә әзуәжиһи уә алә зурриятиһи кәмә салләйтә алә

Ибраһимә, уә бәрик алә Мұхаммәдин уә алә әзуәжиһи

уә алә зурриятиһи кәмә бәрактә алә Ибраһимә, иннәкә

Хамидун Мәжид» (Уа, Аллаһ тағалам! Ибраһимге са-

лауат еткеніңдей Мұхаммедке және оның жұбайлары

мен ұрпағына да салауат еткейсің. Сондай-ақ,

Ибраһимге берекет бергеніңдей, Мұхаммедке және

оның жұбайлары мен ұрпағына да берекет бергейсің.

Шын мәнінде, Сен әр алуан мақтау мен мадаққа

лайықсың әрі Ұлысың!), – деп айтыңдар», –

деген

260

.

76. Құран Пайғамбарымызға (с.а.с.)

бағынудың Аллаһқа бағыну екенін

айтады. Бұны қалай түсінеміз?

Күллі мұсылман жеті қат көк пен жерді жара-

тып, әлемге рақым сыйлаған Ұлы Жаратушымызға

260

Бұхари, Дағуат 33; Мүслим, саләт 69.