Previous Page  196 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 196 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

196

бүтін беріліп жатсақ, Жаратқанның разылығын мұрат

еткеніміз. Тағы бір ескеретін нәрсе, Ислам орныққалы

сүннет ешқашан да Құраннан жоғары шықпаған.

Үкім бергенде де алдымен ақтаратынымыз Құран, со-

дан кейін сүннет екені баршамызға мәлім, сондықтан

пайғамбарға бағыну, Пайғамбарымыздың қалауын

орындау Аллаһ тағаланы жақсы көрудің белгісі, өйткені

Аллаһ жібергені үшін пайғамбарға бағынамыз. Бұл жай-

лы Құранда Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сөзімен: «

Егер

Аллаһ тағаланы жақсы көрсеңдер, маған еріңдер,

сонда Аллаһ сендерді жақсы көретін болады

»

263

деп

көркем жеткізген.

77. Аллаһқа сеніп, Пайғамбарымызға

(с.а.с.) сенбеген адам мұсылман болып

санала ма?

Пайғамбарымызға (с.а.с.) сену – Исламның

алғы шарттарының бірі әрі иман етудің бір бөлшегі.

Кәлимаға тіл келтірмей, хазірет Мұхаммедті (с.а.с.)

Аллаһтың құлы әрі елшісі деп танымай мұсылман

бола алмаймыз. Құранда

«Ендеше, Аллаһқа, елшісіне

және біз түсірген нұрға (Құранға) сеніңдер...»

264

деп

бұйырған. Аллаһ елшісін (с.а.с.) ақиқаттың жаршысы

деп білмеген адамның Исламнан алар нәсібі жоқ. Тіпті

Аллаһты мойындап, бірақ Мұхаммед пайғамбарды

(с.а.с.) мойындамаса, оны мұсылман деп айта алмай-

мыз, өйткені Құранда

«Нағыз мүминдер Аллаһ пен

расулына кәміл сенгендер»

265

және

«Кімде-кім Аллаһ

263

«Әли Имран» сүресі, 31.

264

«Тәғабун» сүресі, 8.

265

«Нұр» сүресі, 62.