Previous Page  197 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 197 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

197

пен расулына сенбесе, Біз оған алдын-ала лаулаған

от дайындаймыз»

266

делінген.

Пайғамбарымызға (с.а.с.) шын жүректен сеніп,

қалдырған мұрасын ұлы мирасын жүрегімізге сақтап,

көркем мінезінен өнеге алып, есімін атап, сансыз са-

лауат пен сәлем жолдап қана қоймай, жанымыздан да

артық жақсы көруіміз қажет.

78. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) әлемге

рақым болып келуін қалай түсінеміз?

Он сегіз мың ғаламның Сардары – дүниеге адам-

зат пен жын қауымына Аллаһты таныту үшін әрі жа-

ратылыс атаулыға рақымдылық жаршысы. Құран аяты

бұл сырды паш етіп:

«Біз сені әлемге рақым етіп қана

жібердік»

267

дейді.

Мұхаммедтің (с.а.с.) жарық дүниеге жіберілуі

– Жаббар Иенің болмыс атаулыға жасаған үлкен

қайырымы, рақымы. «Рақым» сөзі есіркеуге мұқтаж

жандарға мейірімменжақсылықжасау дегенді білдіреді.

Негізінен аяушылық бірінші кезекте кісі тәрбиесімен

айналысатындарға керек қасиет. Жүрек – иманның

бастауы. Тас жүрек адам нағыз тәрбиешілікке лайық

емес. Ал мейірбан жүрек бейбіт өмірдің ұйытқысы.

Ендеше, көңілдің төрінен орын алып, әркімнің

аңсарына айналғанына қарағанда, таудан құлап аққан

кәусар бұлақтай мейірім мен рақым сезімі ең алдымен

Пайғамбарымыздың (с.а.с.) бойында менмұндалап жат-

са керек.

Бұл рақымдылық ақиретті де, дүниені де қамтиды.

Мүшріктер Қағба ішін пұт атаулыға толтыру арқылы

266

«Фәтх» сүресі, 13.

267

«Әнбия» сүресі, 107.