

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
203
Пайғамбарымызды (с.а.с.) сүю – Аллаһ тағаланың
адамзатқа бұйрығы. Құранда:
ٌقُلْ إِن كُنتُمْ تُحِبّونَ اللّ فَاتّبِعُونِي يُحْبِبْكُمُ اللُّ وَيَغْفِرْ لَكُمْ ذُنُوبَكُمْ
وَاللُّ غَفُورٌ رّحِيم
«Егер сендер Аллаһты жақсы көрсеңдер, маған
(Мұхаммедке) еріңдер. Сонда Раббың сендерді сүйеді
және
барлықкүнәларыңдыкешіреді.Оласқанкешірімді,
ерекше мейірімді»
282
. Біз сүйікті елшіні сүйе отырып
оны елші етіп жіберген Раббымызды сүйетінімізді
дәлелдейміз әрі Аллаһтың бұйрығын орындаған бола-
мыз.
Ал мына хадисте Аллаһ пен Расулын сүюдің бірдей
екенін тайға таңба басқандай етіп көрсетеді:
«Мына
үш қасиеті бар адам нағыз иманның дәмін татады.
Аллаһ пен Расулын барлық нәрседен артық жақсы
көру, әлденені сүйгенде тек Аллаһ разылығы үшін
жақсы көру және күпірден құтылғаннан кейін қайта
күпірге кіруден оттан қашқандай қашу»
283
деген.
Тағы бір хадисті Әнас (р.а.) былай деп түсіндіреді:
Пайғамбарымыздан біреу: «Қиямет қашан орнайды?»
– деп сұрағанда, «Қиямет күніне қандай дайындығың
бар?» – деп өзіне қарсы сауал қойды. Әлгінің: «Менде
Аллаһ пен Елшісіне деген махаббат қана бар» деген жа-
уабына Пайғамбарымыз: «Олай болса, сүйгендеріңмен
бірге боласың», – дейді». Сосын Әнас (р.а.) сөзін
жалғастырып: «Сүйгендеріңмен бірге боласың»
деген сөзіне қуанғанымыз соншалықты – бұрын-
соңды бұлайша шаттыққа бөленбеген едік. Мен де
Пайғамбарымызбен бірге Әбу Бәкірді де, Омарды да
282
«Әли Имран» сүресі, 31
283
Бұхари, Иман 9