Previous Page  206 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 206 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

206

өсекке ұласып Мәдина халқына тарайды. Бір жағынан

екіжүзділер мұндай мүмкіндікті қалт жібермей:

«Мұхаммед естігенінің бәріне сенеді», – деп өсекті

қаулатады. Міне, сондықтан, Аллаһ тағала осы аятты

түсіру арқылы, Пайғамбарымызбен (с.а.с.) жеке неме-

се сыбырласып сөйлеспей тұрып садақа беру керектігін

бұйырады. Ал Қатада бұл аяттың түсу себебін былай-

ша түсіндіреді: «Кейбіреулер өздерін жоғары көрсету

үшін, жанындағыларға өзінің Аллаһ елшісімен жақын

араласатынын білдіру үшін жеке жолығуды сұрайтын»,

– дейді

287

.

Бұл садақа кедейлерге беріледі, өйткені Пайғамбар

(с.а.с.) мен оның отбасының садақа, зекет алуы

шариғатта тыйым салынған.

Кейбір Ислам ғұламалары бұл жердегі «садақа

беріңдер» деген бұйрықтың мәндүп амал екендігін

айтқан. Расулаллаһпен (с.а.с.) оңаша жолықпай

тұрып садақа берудің біршама уақыттан кейін күші

жойылғанын айтқандар да бар. Ал кейбір ғалымдар бұл

үрдістің әркімнің өз еркіне қалдырылғанын айтады.

Аяттың соңында:

«Егер бұған шамаларың жетпе-

се, Аллаһ сендерді кешірер. Раббың өте кешірімді,

ерекше мейірімді»

деп, кейбір кедейлердің садақа беру-

гешамасыжетпегендіктен, олардыңПайғамбарымызбен

(с.а.с.) жеке жолығуына болатындығын білдірген.

Бұл туралы сан алуан пікір бар. Мүмкін Аллаһ

тағала осы арқылы Пайғамбарымызбен (с.а.с.) оңаша

сөйлесудің өзін бір бақыт екенін білдіруді мақсат ет-

кен болар және бұл аят арқылы кісінің садақа беруін

көбейтіп, сауапбын арттыруды, қоғамда бауырластықты

орнықтыруды, пайғамбар дәрежесін белгілеуді мақсат

еткенімен қоса, Елшісіне (с.а.с.) ерекше мейірімділік

287

Хак дини Қуран дили, Елмали Хамди, 7/468