

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
210
көрмей қалады. Осылайша Пайғамбарымыз (с.а.с.)
Аллаһтың қорғауымен Мәдинаға һижрет етті.
Мүшріктерден тығылып үңгірде жатқанда да Аллаһ
тағала үңгір аузына құс ұясы мен өрмекшінің торын
құрып қорғап қалған.
Мәдина кезеңіндегі қорғалуы
. Мәдинаға кел-
геннен кейін де қастандықтар толастаған жоқ. «Бөрі
жоқ деме бөрік астында, жау жоқ деме жар астын-
да» дейтін аумалы-төкпелі заман мұнда да оң қабақ
таныта қоймады. Қастандық табан астынан келетін
еді. Дұшпандары күн сайын күшіне мініп, кәпірлерге
қосылған мұнафықтардың қай уақытта, қай жер-
де қақпан құрып отырғанын болжау мүмкін емес еді.
Әсіресе, бастарықосылақалсаИсламғақарсықастандық
ұйымдастыруды көздейтін Мәдина айналасындағы
яһудилердің қарасы өз алдына бір төбе. Іштен шыққан
жау мен сырттан келген жаудың қысымына аз ғана
мұсылмандар төтеп бере алмай тығырыққа тірелген
кездер көп болды. Тіпті Пайғамбарымызға (с.а.с.) у да
берілгені белгілі, бірақ мұның бәрінен Аллаһ тағаланың
қамқорлығымен аман қалып отырған.
Жабир
ибн
Абдуллаһ
риуаят
етуде:
«Пайғамбарымызбен (с.а.с.) бірге Нәжид жақтан
соғыстан келе жатқанбыз. Жолда бір тоғайдың жаны-
на барып ат шалдырып, тынығып алмаққа тоқтадық.
Әр жерге топ-топ күйде жата кеттік. Ұйқыға бас
қойғанымыз сол еді, кенет Пайғамбарымыздың бізді
шақырған даусын естіп өре түрегелдік. Енді байқадық,
өзі бір мүшрікке қылышын кезеп тұр. Соңынан
білдік, әлгі мүшрік Пайғамбарымызды өлтіру үшін
аңдып жүрген екен. Ұйықтап жатқанын пайдаланып,
ағашта ілініп тұрған Пайғамбарымыздың қылышын
алып жақындай түседі. Аллаһтың елшісі оянып кет-