Previous Page  211 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 211 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

211

кенде, қылышын ыңғайлап тұрған мүшрікті көреді.

Пайғамбарымызға (с.а.с.) қарап миығынан күліп: «Енді

сені кім құтқарады?» – дейді. Аллаһ елшісі (с.а.с.)

оның қолындағы қылышына қарамай «Аллаһ!» –

дейді. Кәпірдің өті жарылып, қатты қорыққаны сонша

– қолындағы қылышын жерге түсіріп алады. Осы сәтте

қылышты Аллаһ елшісі қолына алады да: «Ал енді сені

кім құтқарады? – деп сұрайды». Әлгі адамның зәре-

құты қашып, қалшылдап кетеді.

Жағдайды бағаласақ, өлтіруге барлық жағдай

жасалған, бір ғана қимылмен о дүниеге аттандыра

салатындай көрінгенімен,

«Аллаһ сені адамдардан

қорғайды»

290

деген аяттың шындығы байқалған. Жа-

ратушы Иенің сүйікті елшіге қамқорлығы кез келген

мүшрік үшін алынбас қамал іспетті.

Яһуди әйелдің у беруінен аман қалуы

.

Мұсылмандар Хайбарды алғаннан кейін бір яһуди әйел

қой сойып Пайғамбарымызға (с.а.с.) дастарқан жайып,

төріне шығарып қонақ қылады. Ас ортаға әкелінген

соң етті алып аузына апара бергенде, Құдайдың

құдіретімен еттің уланғанын біледі. Осы уақытта етті

жұрттан бұрын жеп үлгерген Бишр деген кісі сол жерде

тіл тартпай кетеді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) етті пісірген

әйелді алдырады. Сонда әйел қасқая қарап тұрып бы-

лай дейді: «Егер сен шын пайғамбар болсаң, бұл удың

зияны тимесін білдім. Ал егер өтірік айтып жүрсең,

қулығыңнан жұртты құтқарғым келді»

291

. Расулаллаһ

әйелді қоя береді.

Хазірет Мұхаммед (с.а.с.) дінді жаю барысында

дұшпандарымен сан мәрте қақтығысты, бірақ ешкім

290

«Мәида» сүресі 67.

291

Бұхари, Хиба 28.