

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
207
танытқан. Бір жағы, жұрттың бет алды қойған сауалда-
рын тыйған.
81. «Тікелей Аллаһтың қорғауында өмір
сүрді» дегенді қалай түсінеміз?
Аллаһ тағала Мұхаммед Мұстафаны (с.а.с.)
дүние есігін ашқаннан бастап ақтық деміне дейінгі
асыл ғұмырының әрбір сәтінде қамқорлығында
ұстаған. Әрине, періште емес, адам болғандықтан,
Пайғамбарымыз (с.а.с.) да ауырған, ашыққан,
шөлдеген, майдан даласында жараланып қиындықтарға
да кезіккен. Ары-беріден соң, барша тірі жанның
маңдайына жазылған өлім дәмін де татқан. Бұл
оның әрі қарапайым құл екенін көрсетеді. Ал көзі
тірісінде жасаған мұғжизалары мен Аллаһтың ерекше
қамқорлығы пайғамбар екеніне бұлтартпас дәлел. Бұл
турасында бастан кешкен бірнеше оқиғаға тоқталайық:
Христиандардан қорғалуы
. Бала күнінде сүт
анасы Халима Меккедегі туған анасы Әминаға алып
бармақ болып жолға шығады. Сирар шоқысының
жанындағы соқпақ жолмен келе жатқанда, қарсы ал-
дынан бір топ эфиопиялық христиандар ұшыраса
кетеді. Олар Пайғамбарымызға (с.а.с.) анықтап ұзақ
қарайды. Оның соңғы елші екеніне көз жеткізіп, Хали-
ма анамызға: «Біз сәбиді патшаға алып кетеміз. Оның
ерекше белгілері бар», – дейді. Жолаушылар зорлықпен
Пайғамбарымызды (с.а.с.) алып кетпекке ұмтылды,
бірақ Құдайдың құдіретімен, бірнеше христиан жабы-
лып әупірімге салғанымен, қорғансыз әйелдің қолынан
кішкене сәбиді алып кете алмады.