

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
202
сүйгенімен бірге»
деген. Ал онымен бірге болуымыз
үшін сүйіспеншілігімізді көрсетіп, лайықты дәрежеде
ғибадат етуіміз қажет.
Аллаһ разылығына қол жеткізуді тілеген, иісі
мұсылман баласының тағы бір арманы жұмақта
Пайғамбарымызбен бірге болу, өйткені Аллаһтың
разылығы, жаннаттың ең жоғарғы деңгейі, Аллаһтың
сансыз нығметтерінің асыл көрінісі сол жерде болмақ.
Аллаһ расулының туылуы мен жер бетін құрметке
бөлеуін адамзаттың дүниеге қайта келгені дерсіз. Оның
туылған күні біз үшін құтты мереке, өйткені біз Раббы-
мызды оның құтты дағуасы арқылы таныдық. Нығметке
қанағат пен шүкір етуді көркем мінезінен үйрендік. Жа-
ратушы мен жаратылғандар арасындағы байланысты,
құл мен Құдай арасындағы қарым-қатынастың қалай
құрылатынын тағы да Пайғамбарымыздан үйрендік.
Ислам діні арқалы бүкіл болмыс атаулы Аллаһты та-
нытатын кітапқа айналып сала берді. Жанды-жан-
сыз барлық тіршілік иесінің әрдайым Жаратушы-
мызды зікір ететінін білдік. Оның келуімен қайғыны
шаттық алмастырды. Бізге нұры жеткен күннен бастап
«өлім», «мәңгілікке жоғалу» қорқынышы көңілімізді
алаңдатпайтын болды. Мәңгілікті қалайтын жүрегіміз
жұбаныш тапты. Адамның ақиретке иманмен кетуі ол
үшін ең басты бақыт еді. Жеткізген дінімен барлық
жаратылыстың жүзіне нұр шашқан, ақиреттің ба-
рын айтып жұмақ пен тозақты таныстырған, мәңгілік
бақыттың кілтін ұсынған Пайғамбарымыздың (с.а.с.)
дүниеге келуі барлық жаратылыс үшін мереке емес пе?
Аллаһ тағала пендесінің жүрегіне махаббат
сезімін сыйлаған. Бұл махаббат әуелі Аллаһқа, одан
кейін пайғамбарына, дәрежесіне қарай Раббысының
разылығын көздеп, елі мен отбасына арналуы керек.