

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
204
жақсы көремін. Ақиретте солармен бірге боламын де-
ген үміттемін», – дейді.
Хазірет Айша мынадай оқиғаны келтіреді: «Бір
кісі келіп: «Уа, Расулаллаһ, сені жанымнан да, бала-
шағамнан да артық жақсы көремін. Үйде отырған кезде
есіме түсіп кетсең, бір сәт кідірместен өзіңе келемін.
Әйтсе де, ақирет есіме түсіп кетсе, сенің жаннат-
та пайғамбарлармен бірге болып, өзіңді көре алмай
қаламын-ау деп қорқамын», – деді. Пайғамбарымыз
оның ақтарыла айтқан риясыз сөзіне жауап қатпай,
үнсіз аз уақыт өткеннен соң, Жәбірәйіл періште арқылы
Жаратқаннан:
«Кімде-кім Аллаһқа және Расулы-
на бағынса, міне, солар Раббыңның нығметтеріне
бөленген нәбилер, сыддықтар, шейіттер, салих ізгі
жандармен бірге болады. Бұлар қандай ізгі жолдас
еді!»
284
деген аят түседі
285
.
Аллаһ пен Пайғамбарымызды жақсы көру көбінесе
ақылмен өлшенбейді. Ақылға байланысты істер
көбінесе жүректің сезімдеріне әсер ете алмайды. Егер
әсер ететін болса, сол замандағы дін дұшпандары,
Пайғамбарымызды баласынан артық таныған кітап
иелері иман келтірер еді.
Мұсылмандарының бір ерекше қасиеті – Аллаһ
пен Пайғамбарға деген сүйіспеншіліктің жүрек төрінен
орын алуы. Соған байланысты дін жеңіл, өмір фәни,
ақирет мәңгі екендігі шын сезілері хақ.
284
«Ниса» сүресі, 69.
285
Әбу Нуайм, Хилия, 4/240