

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
200
жер таппайсың»
275
,
«Олар Құранға сенбеді деп,
жаныңды жегідей жейсің»
276
.
Һидаят пен адасудың Аллаһтың қолында екенін
айтты: «Жасаған жамандығы өзіне жақсы көрінген адам
ізгілік істеген, тура жолды ұстанған адаммен бірдей
бола ма? Аллаһ қалағанын адастырады, қалағанын хақ
жолға салады. Олар иман етпеді деп таусыла берме.
Аллаһ олардың барлық ісінен хабардар»
277
.
Расулаллаһ (с.а.с.) өте сезімтал кісі болатын. Кісінің
жан қиналысын көргенде байыз тауып отыра алмайтын.
Кедей-кембағал жандарға мейірім-шапағатын төгетін.
Кешірілмес ағаттықты кешіретін биязы мінезі оның
ерекше рух иесі екенін айқындап тұратын. Көркем
мінездің озық үлгісін танытқан Аллаһ елшісіне (с.а.с.)
үмбет болу біз үшін шексіз бақыт, шүкір қылатын
ұлы нәсіп. Үлгі-өнегесін өмірімізге темірқазық ету –
жаннатқа апарар соқпаққа түсу.
Намазды созып, жұртты шаршатқан адамға ескер-
ту жасаған. Намаз үстінде жылаған баланың даусын
естігенде, сапта тұрған анасы қиналмасын деп на-
мазды тезірек бітіретін. Балаларды еркелетіп жақсы
көруді өсиет етті. Күнәһар әйелдің итке су бергені
үшін жұмаққа барғанын айтып, көп ғибадат еткенімен,
мысықты аштан-аш қамап қойғаны үшін тозаққа түскен
әйелдің оқиғасын баяндап, өмірдің тылсымынан сыр
шертетін.
Мейірім сұлтанының мына сөздері де мейірімнің
жаңа қырын байқатса керек: «Аллаһ мейірімді
құлдарына ғана мейірім танытады»
278
, «Сендер
275
«Кәһф» сүресі, 6.
276
«Шұғара» сүресі, 3.
277
«Фатыр» сүресі, 8.
278
Бұхари, 32.