

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
179
Ер балаларының қайтыс болуының тағы бір
сыры бүлік пен саяси шиеленістердің болуынан
мұсылман үмбеті қорғалды. Пайғамбарымыз (с.а.с.)
өзінен кейін кімнің халифа болатын мұсылмандардың
кеңесіп шешуіне қалдырып кетті. Өзінің бала-
сы немесе туысы болсын деп айтпаған, сондықтан
халифалыққа Пайғамбарымыздан кейін Әбу Бәкір
(р.а.) тағайындалды. Егер Пайғамбарымыздың (с.а.с.)
ер баласы болғанда оны сөзсіз халифалыққа лайықты
деп, мұсылмандардың кеңесуіне дес бермейтіндердің
болуы мүмкін. Али (р.а.) Пайғамбарымыздың туысы
болғанның өзінде оған бірінші халифалықты беруге
тырысып, үлкен саяси шиеленіс болғаны да Ислам та-
рихында кеңінен жазылған.
69. Балаға тәлім-тәрбиені қалай берген?
Тәрбиеде жұмсақтық пен жылылықты негізге алу
шарт. Балалардың жасаған қателігі үшін жекіп, бол-
маса келеке етіп, ұнжырғасын түсіретін сөздер айтпау
маңызды. Пайғамбарымыз (с.а.с.) көп тентектік жасай-
тын балаларға «Өскенде ақылды болады»
231
деп оларға
ашуланбау керектігін меңзеген.
Хазірет Әнас (р.а.) Аллаһ елшісінің жұмсақтығы
жайлы: «Хазірет Пайғамбарға (с.а.с.) 10 жыл қызмет
еттім. Орындамаған ісім үшін «Неге орындамадың?» –
деп ұрсып, орынсыз істерім үшін «Неге олай істедің?»
– деп жекігені есімде жоқ. Маған ешқандай ауыр сөз
айтып, айыптаған емес», – дейді
232
.
Тағы бір риуаятта Әнастың (р.а.) балалық мінезіне
Аллаһ елшісінің ұстанымын мына риуаяттан көре ала-
231
Мүнәуи, 4,310
232
Бұхари, Әдеп, 39; Мүслим, Фәдаил, 13.