Previous Page  174 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 174 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

174

келген. Пайғамбарымыз (с.а.с.) сол баласының атымен

ел ішінде «Әбул-Қасым» (Қасымның әкесі) деген лақап

атпен танылған, бірақ ұлы бір жастан асқан шағында

шетінеп кеткен.

Екінші ұлының аты туралы ғалымдардың түрлі

көзқарастары бар. Бірі Абдуллаһ десе, бірі Тахир, енді

бірі Тәйіп дейді. Көбінесе Абдуллаһ есімі кең тараған.

Хадиша анамыздан туылған. Пайғамбарымыздың

(с.а.с.) бұл баласы да шетнеп кеткенде, Ас ибн Уайл

«Мұхаммедтің ұрпағы жалғаспайтын болды» деген

мағынада «Мұхаммед әбтар болды» деп табалайды.

Бұл айтылған сөзге жауап ретінде Аллаһ тағаладан

Пайғамбарымызға (с.а.с.) күніне бес уақыт аты аталып,

дұға тілеп, басқан әрбір ізіне дейін үлгі тұтатын шексіз

ақиретке дейін жалғасын табатын үмбет нәсіп ететінін

хабар берген.

Мұқауқистың жіберген сыйы Мәриям анамыздан

Һижреттің 8-жылында Зул-Һижжа айында Ибраһим

туылғанда, сүйінші хабарды жеткізген Әбу Рафияға

сыйлық беріп, Ибраһимнің анасы Мариямды азат

етеді

227

. Дүние есігін ашқан сәбидің келешегі жарқын бо-

луы үшін көнедегі араб дәстүрі бойынша сүт анасының

қолына тапсырады. Әрі Ибраһимнің сүт анасына құрма

бақшасын сыйға тартады. Пайғамбарымыз қауырт

тірліктен қолы босаған уақытта Ибраһимді көру үшін

сүт анасының үйіне жиі баратын. Тағдырдың жазуы

солай болған шығар, өкініштісі, баласы Ибраһим 16-

18 айға толар-толмас шағында қайтыс болады. Бауыр

еті баласының дүниеден өткеніне іштей қайғырып, көз

жасына ерік беріп отырған Пайғамбарымызды (с.а.с.)

көргенде, жанындағы Абдуррахман ибн Ауф:

«Сіз де

227

Ибн Сағыд, 136