

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
173
дырып, сол шаштың салмағындай садақа беріп, ақиқа
құрбандығын шалған.
Баланың дүниеге келгеніне қуанып, қуанышты ха-
барды алғашжеткізген кісіге сүйінші беру де сүннет. Ба-
ласы Ибраһимнің дүниеге келуін сүйіншілеп жеткізген
Әбу Рафиаға Пайғамбарымыз бір қой берген
224
.
Жаңа туылған баланың ішетін сүтіне де аса
мән берген. Ибраһимнің анасы Марияның сүті аз
болғандықтан, бір қой алып, соның сүтін ішкізген.
Тіпті риуаяттарда сүт ана жалдағандығы да айтыла-
ды
225
. Емізулі баласы бар ананың жүкті болуы (сүті
өзгеріске ұшырайтындықтан), емшектегі бала үшін зи-
янды екендігін ескерткен.
Балалардың қоректенуіне байланысты бір айта
кететін жайт: балалар су ішкісі келсе дереу су беру
керек екендігі маңызды. Бұған дәлел Пайғамбарымыз
(с.а.с.) бірде Фатиманың үйінде түнеген болатын. Түнде
әуелі Хасан, сосын Хусейн су сұрайды. Аллаһ елшісі
(с.а.с.) дереу тұрып су береді
226
. Бала су сұрағанда оны
күткізбей, тіпті түннің жарымында болса да дереу тала-
бын орындау керектігін осылайша үлгі еткен.
67. Қанша баласы болған?
Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.с.) үш ұл, төрт қыз
сүйген. Олар: Қасым, Абдулла, Ибраһим, Зейнеп,
Рұқия, Үммі Гүлсім, Фатима. Бұлардың Ибраһимнен
басқасының барлығы Хадиша анамыздан туылған.
Алғашқы ұлының есімін Қасым қойған. Ол
пайғамбарлықтан бұрын Хадиша анамыздан дүниеге
224
Ибн Абдулбарра «әл-Истиғаб фи мағрифатил-асхаб» Каир
1328 1/141
225
Мүслим, Фадайл 63
226
Ибн Хажар, әл-Маталибул-алия 4, 69