

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
168
са, дереу басқа әйелдеріне кеткен болар деп іштей
қызғанатын. Сондай сәттерде іздемекші болып орны-
нан тұрғанда, оның сәждеге басын қойып намаз оқып
отырған жерінен табатын еді. Сонда Айша анамыз
«Әке-шешем саған құрбан болсын, сенің дертің не,
менің дертім не?» – деп өзінің қызғанышпен басқа ойда,
ал Аллаһ елшісінің мүлдем басқа мақсатта жүргендігін
мойындайтын.
Сафия анамыз тамақты өте дәмді пісіретін. Бір
жолы Пайғамбарымыз (с.а.с.) Айша анамыздың
бөлмесінде екенін біліп ас әзірлеп беріп жібереді.
Мұны көрген Айша анамыз қызғанғанынан беріп
жіберген тамақты жерге қалай лақтыра салғанын
байқамай қалады. Ас төгіліп, жерге тиген табақ ортасы-
нан қақ бөлінеді. Сонда Аллаһ Расулы (с.а.с.) бөлінген
табақты біріктіріп жерге төгілген тамақты оған салып
артынша
: «Аналарыңыздың қызғанышы басталды, ал,
қанекей, тамақ жеңдер», –
деп түсіністікпен қарап,
ләм-мим деместен мәселені ушықтырмай қоя салады.
Ашуы тарқағаннан кейін Айша анамыз қатты өкініп,
бұл істің кәффаратын сұрайды. Пайғамбарымыз (с.а.с.)
кәффаратының дәл сондай табақ пен дәл сондай тамақ
екенін айтады
212
. Қызғаныш әйелдердің табиғатында бо-
латын сезім екенін мына хадисімен түсіндіреді:
«Аллаһ
ер кісілергежиһадтыжаратқаны (бұйырғаны) секілді,
әйелдерге де қызғаншақтықты жаратты, әйелдердің
табиғатына қызғаншақтықты берген»
213
,
«Әйелдердің
қайсысы бұл мінезге сабырлық танытса, шәһидтің са-
уабын алады»
214
.
212
Әбу Дәуіт, Бүю 91; Нәсаи, Ишрәтун -Ниса 4
213
Мүнауи, Файзул-қадир 2/249
214
Хайсами 4/320