

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
164
өзара ақылдасудың маңызын ерекше атап өтеді. Сондай-
ақ
«Жұмыстарыңды олармен ақылдасып істе»
200
де-
ген Жаратушы бұйрығы тұрғанда Пайғамбарымыздың
(с.а.с.) аналарымызбен ақылдаспай қоюы мүмкін емес.
62. Әйелдеріне жақсы қараған ба?
Ислам адам баласына тыным бермей, қиындық
туғызатын дін емес. Аллаһ тағала Құран кәрімде
«...Біз Құранды саған қиыншылық көруің үшін
түсірмедік»
201
дейді.
Пенде бір іспен шұғылдана беруден де жалығады,
сондықтан ерлі-зайыптылар бір мезгіл тынығып, мей-
рамдарда бірге қыдырып, шама келгенше табиғат ая-
сында серуендеп қайтқаны дұрыс.
Үммі Атия (р.а.): «Мейрамдарда жақсылыққа
куә болып, көңіл көтеру үшін, бойжеткендер мен
етеккір күйдегі әйелдерді үйлерінен шығаруымызды
бұйыратын»
202
, – дейді. Ал Айша анамыз болса: «Бірде
Аллаһ елшісімен (с.а.с.) сапарға шыққан едім, шапшаң
қимылдайтын, денеме салмақ бітпеген, бойжеткен
кезім болатын. Ол адамдарға «Ілгері жүре беріңдер!»
– деп еді, олар алға қарай озып кетті. Сосын маған:
«Кел, жарысайық», – деді. Екеуміз жүгіріп жары-
сып, мен озып кеттім. Ол үндемеді. Кейін бойыма ет
бітіп, салмақ қосқанымда тағы бір сапарға шықтық.
Бұл жолы да қасындағы кісілерге: «Сіздер ілгері жүре
беріңіздер», – деді, артынан маған: «Кел, жарысайық»,
– деді. Мен бұрын жарысқанымды ұмытып кетіппін.
Бұл кезде салмақ қосқандықтан: «Әй, Аллаһтың елшісі,
мына күйімде сенімен қалай жарысамын?» – дедім.
200
«Әли-Имран» сүресі, 159.
201
«Таһа» сүресі, 2 .
202
Бұхари, Мүслим.