Previous Page  162 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 162 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

162

Ифк оқиғасы (мұнафықтардың Айша анамызға

жала жабуы) орын алғанда, Пайғамбарымыз (с.а.с.) бұл

істің мән-жайын толық білу үшін Зәйнап бинт Жахштан

және Айша анамыздың қызметшісі Барирадан Айша

анамыз жайлы сұрап, олармен кеңескен

193

.

Үммі Сәламамен болған оқиға бұл мәселені

кеңінен аша түспек. Һижреттің алтыншы жылын-

да

Пайғамбарымыздың

(с.а.с.)

басшылығымен

мұсылмандар Меккеге ұмра жасау ниетімен жолға

шықты, бірақМеккелік мүшріктер ұмра қажылығы үшін

Меккеге кіруге рұқсат бермейді, бірақ екі жақ Худайбия

келісімін жасасады. Бұл келісім біткеннен кейін Аллаһ

елшісі өзімен бірге кіші қажылыққа ниеттеніп келген

сахабаларға «құрбан шалып, ихрамнан шығыңдар»

деп бұйрық береді, бірақ сахабалар «қабылдаған

шешімінде бір өзгеріс болып қалар» деген оймен іштей

тынып, жайбарақаттылық танытты. Хақ Пайғамбардың

бұйрығы тағы бір рет қайталанды, бірақ сахабалар әлі де

үмітті көздерін пайғамбар тұрған жаққа қадап, қозғала

қоймады. Бұл әсте Аллаһ елшісіне деген қарсылық

емес. Олар бар болғаны басқа бұйрық беріп қалар деп

дәмеленді, өйткені олар Қағбаны тауап етеміз деп ниет

қылып, жолға шыққан болатын. Екі жаһан Сардары

сахабалардың осы хал-ахуалын сезісімен, дереу шаты-

рына кірді де, жарыҮммі Сәләмә анамызбен ақылдасты.

Осы парасатты әйел ақылдасудың артықшылығына

бола көкейдегі пікірін айтты, өйткені Аллаһ елшісінің

ешкімнің ақылына мұқтаж еместігін жақсы білетін.

Хақ елшісі жарымен ақылдасу арқылы бізге сол жер-

де тағы бір өнеге көрсетті. Сонда Үммі Сәләмә ана-

мыз:

«Уа, Аллаһ тағаланың елшісі! Бұйрығыңды енді

қайталаушы болма. Өзіңе қарсылық білдіріп, құрдымға

193

Бұхари, Шаһадат 16