

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
158
де, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жұбайлары шариғатты
бізге үйретер ұстаздар іспетті.
59. Үйленуінде саяси мақсат болды ма?
Аналарымыздың бірнешеуі – Пайғамбарымыздың
(с.а.с.) белгілі бір саяси мүддені көздеп алған әйелдері.
Әр елге құда түсе отырып, сол елдерге Исламды жеткізу
тек осы жолмен ғана іске аспақ еді. Бұрындары Ислам-
мен ата жауындай өштескен рулар қыз алысу арқылы
аралары жібіп, жұмсара түсті. Мысалы, Жүбәйра бинт
Харис, Сафия бинт Хуяй, Рәмла бинт Әбу Суфиянмен
құрған отаулары осы мақсатта болған. Бұл үш ана-
мыз да өз руының тізгінін ашса алақанында, жұмса
жұдырығында ұстайтын бір-бір жуанның қыздары еді.
Алғашқы екеуінің әкесі – яһудилердің белді адамда-
ры. Осы арқылы яһудилермен арадағы қатынас оңала
түскен. Жүбәйра – Мұсталақ тайпасының басшысының
қызы. Соғыста тұтқынға түседі, азаттыққа қауышу
үшін оның ақысын Аллаһ елшісі өзі төлеп, азат етеді.
Пайғамбарымыздың бұл жақсылығын естіген оның
әкесі мен екі баласы мұсылмандықты қабылдайды.
Жүбәйра Аллаһ елшісімен үйленеді, тұтқынға түскен
оның туыстарына: «Біз Пайғамбарымыздың әйелінің
туыстарын тұтқын етпейміз», – деп азаттық беріледі.
Осылайша ру басшысы мен оның қарамағындағыларға
Ислам діні насихатталады.
Әбу Суфиян қызын бере отырып өзі де мұсылман
болған. Ислам осыдан бастап Әмәуилермен қоян-
қолтық араласа бастайды.
Кейінгі уақыттарда да осы әдіс қаншама патшалар
тарапынан қолданылған. Ал мұсылмандар әлсіз болған
кездерде бұл әдіс мұсылмандарға қарсы қолданылған.
Ислам дұшпандары жансыз етіп қыздарын беріп,